NYT: Трамп хош иіс-вейптерге тыйым салуға қатысты шешімін өзгертті  - на health.bugin.kz
Plumeria - на health.bugin.kz Plumeria

Вейптерге тыйым салу – Трамптың жастар арасында танымал болуына әсер етуі мүмкін

АҚШ президенті Дональд Трамп хош иісті электронды темекіге тыйым салу туралы пікірін өзгертті. Бұл туралы New York Times жазады.

Америка президенті 4 қарашада сайлаушылар арасындағы саяси салдар туралы «ескертілгеннен» кейін, жасөспірімдерді вейпингтен шектеуге бағытталған шаралардан бас тартты.

Бұған дейін Трамп хош иісті вейптерді сатуға тыйым салатындығын айтқан болатын.

NYT хабарлауынша, кейін Трамп «саяси кеңесшілер мен лоббистердің қысымымен» мәселені толығырақ зерттегісі келетіндігін айтып, көзқарасын өзгеріп жіберді.     


0 Пікір Кіру