Экология ғылымы жайлы не білеміз? - на health.bugin.kz
Дарын Бексұлтан - на health.bugin.kz Дарын Бексұлтан

Ауырып ем іздегенше,ауырмайтын жол ізде!

Экология - жеке организмнің қоршаған ортамен қарым-қатынасын зерттейтін ғылым. Экология терминін ғылымға енгізген адам Эрнст Геккель болып табылады.

Қазіргі заманғы экология - бүкіл әлемдік ғылымдар мен әлеуметтік,экономикалық жағдайлар және проблемаларды қарайтын деңгейге жетіп отыр. Осыған орай, экология ғылымының қолданбалы және адам экологиясы бағыттары дами түсті. Жаңа сала бойынша теориялық және практикалық зерттеулер жүргізілді. 

Қоршаған ортаның ластануы қандай да бір экологиялық жүйеге өзгерістің енуі. ҚР Статистика агенттігінің зерттеуі бойынша 2009 жылы тұрақты ластау көздерінен атмосфералық ауаға шығарылған зиянды заттар мөлшері 2,3 миллион тоннаға жеткен және соңғы 10 жыл бойы тұрақты деңгейде сақталуда. Шығарылған 1681 мың тонна газ тәріздес заттардың 46,4% күкіртті ангидридтің, 25,7% көмір тотығы, 12,3% азот тотығы, 7,8% көмірсутек үлесіне тиеді.

Ауасы лас қалалар қатарына 11 қала жатқызылса, соның ішінде 7 қала (Алматы, Шымкент, Өскемен, Ақтөбе, Теміртау, Қарағанды, Тараз) ластану деңгейі жоғары қалалар. Ластанудың алдын алу үшін зауыт, фабрика, электрстанцияларды судан алыс жерде шоғырландыру қажет. Сондай-ақ, көліктерде де сүзгілерді жаңартып, оларды пайдалы болғанша дамыту керек. Бірақ та ауаны ластап, оны тазартқанша, ауаны ластаудың алдын алу керек. 

Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде!

0 Пікір Кіру