Өміріңізді жақсы жаққа өзгертетін 23 әдет - на health.bugin.kz
Рахат Акнур - на health.bugin.kz Рахат Акнур

Өмір сүре білейік

1. Шет тілін үйренуді бастаңыз. Күн сайын, кем дегенде, жарты сағат бойы үйреніңіз. 

2. Бір күн өткен соң бөлмедегі қажетсіз қоқысты тастаңыз. 

3. Компьютерлік ойындардан бас тартыңыз. Олар әлемді дұрыс қабылдауды бұзады. 

4. Фастфуд пен басқа да зиянды тағамнан бас тартыңыз. Дұрыс тамақтануды бастаңыз. 

5. Таңғы жаттығу жасаңыз. 

6. Күн сайын бір уақытта ұйықтауға және оянуға ағзаны үйретіңіз. 

7. Бір уақытта тамақ ішіңіз. 

8. Кемінде 8 сағат ұйықтаңыз. Бұл көңіл-күй үшін өте маңызды. 

9. Ақшаны үнемдеңіз. Саяхатқа сапар шегу үшін ақша жинай бастаңыз. Басқа елдерге сапар ой-өрісін дамытады. 

10. Тек жақсылық туралы ойлаңыз - бәрі орындалады! Жиі күліңіз. 

11. Өз жетістіктеріңіздің күнделігін бастаңыз. Кешке қарай өз жетістіктеріңізді атап өтіңіз. Кез келген, тіпті, ең кішкентай. 

12. Өмірді өзгертетін дұрыс кітаптарды оқып бастаңыз. 

13. Интернетке күніне бір сағаттан артық уақытыңызды арнамаңыз. 

14. Тамаққа 10-15 минут қалғанда бір ыстақан таза су ішіңіз. Күніне кемінде 2 литр су ішіңіз. Бұл ішкі процестерді жақсартады. 

15. Өз денеңізді сергіте біліңіз. Бұлшық еттердің массасын ұлғайтыңыз. 

16. Өз мақсаттарыңыздың суреттерін тауып, оларды көрінетін жерге жапсырыңыз. Визуализация өте маңызды. 

17. Қағазға бұрыннан жасау керек шаруаларыңызды жазып жүріңіз. Сонда барлығы уақытылы орындалатын болады. 

18. Жағымсыз сөздер мен паразит сөздерден бас тартыңыз. Жалпы сөйлеу манерасына көңіл бөліңіз. 

19. Күн сайын бір кішкентай қайырымды іс жасаңыз. Жақсылық жасай отырып, орнына ештеңе күтпеңіз.

20. Күн сайын жеміс-жидектерді, көкөністерді жеуге тырысыңыз. Әдеттегі картоп пюресі мен макаронды жаңа піскен көкөністермен ауыстырыңыз. 

21. Тік жүріңіз. Арқаңызды қадағалаңыз. 

22. Әр түрлі зиянды әдеттерден бас тартыңыз. Темекі шегу мен алкоголь қатерлі ісік және басқа да аурулар тудырады. 

23. Адамдарға жағымды сөздер айтуды үйреніңіз. 

0 Пікір Кіру