Шымкентке «Денсаулық» пойызы жетті - на health.bugin.kz
Bugin.kz - на health.bugin.kz Bugin.kz

Заманауи диагностикалық тексеріс

Қазақстан өңірлерін аралайтын «денсаулық пойызы» 23 қараша күні Шымкент қаласына, Қызылсай бекетіне жетті. Мұнда ол екі күн болады. Тексерілгісі келген тұрғындарға тегін медициналық көмек көрсетіледі.

Пойыз вагонында амбулаториялық операция мен толықтай тексеру кезеңдерін қамтамасыз ететін құрал-жабдықтар, процедуралық кабинет қызметі, диагностика кабинеттері мен лабораториялар орналасқан.  Заманауи медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген медициналық пойызда терапевт, педиатр, невропатолог, окулист, ЛОР, хирург, уролог, маммолог, стоматолог және гинеколог тәрізді дәрігер-мамандар тексеріс жасайды.

Сондай-ақ пойызға медициналық көмекке келген тұрғындарға медициналық сақтандыру жүйесінің жұмыстары туралы кеңінен түсіндірілуде.

Медициналық сақтандырудың мақсаты халыққа қажетті қызметтің барлық түрлерінің қолжетімділігін арттыра отырып, әртүрлі тетікті пайдалана отырып, медициналық қызметтің сапасын көтеру және бүгінгі таңда денсаулық сақтау саласындағы қаржыландыру, тұрақтандыру, сол арқылы денсаулық сақтау тиімділігін, нәтижелілігін арттыру.

Айта кетейік, пойыз заманауи диагностикалық құралдармен жабдықталған, оның ішінде компьютерлік спирометрлік жүйемен, эхоэнцефалографпен, диагностикалық жүктеме сынақтарын жүргізу үшін кардиологиялық мониторинг жүйесімен, сондай-ақ рентген, стоматологиялық, ЛОР және офтальмологиялық жабдықтардың соңғы үлгілерімен қамтамасыз етілген.

0 Пікір Кіру