Түні бойы жөтелген әйел қабырғасын сындырып алды - на health.bugin.kz
Жандос Мәдениет - на health.bugin.kz Жандос Мәдениет

Жөтел зиян

Түнімен жөтеліп шыққан қытай тұрғыны ауруханаға қаралып, он қабырғасының сынып кеткенін естіп таңқалды.

Сонымен, 20 жастағы қыз басында дәрігерге қаралғанда астма диагнозы қойылып, ингалятор берілген екен. Қаперсіз қыз ингаляторды алып үйіне қайтып кеткен.

Бірақ бірнеше күн өткеннен кейін жөтелі асқына түседі. Тіпті, кеудесі де ауырып қалған.

Дәрігерлер рентгенге түсіріп, қыздың жөтелден он қабырғасын сындырғанын анықтады. Олар мұны оның сүйек тығыздығының тым төмен болуымен, оның ағзасында кальций мен фосфордың өте төмен деңгейімен және D дәруменінің жедел жетіспеушілігімен түсіндірді.

Қыз әдемі теріні армандағандықтан күн көзіне аз шығуға тырысқанын мойындады.

0 Пікір Кіру