Dari.kz қосымшасы: Алматы тұрғындары дәрінің бағасын өздері реттей алатын болды - на health.bugin.kz
Bugin.kz - на health.bugin.kz Bugin.kz

Қала тұрғындары осы қосымша арқылы дәрілердің бағасын салыстыра алады

Алматы қалалық Тауарлар мен қызметтер сапасын бақылау департаменті dari.kz қосымшасын апробациядан өткізіп жатыр.

Енді қала тұрғындары осы қосымша арқылы дәрілердің бағасын салыстыра алады.

Қосымшада дәрінің қорабы маркерленгені, бағасы, қауіпсіздік пен сапа тұрғысынан тексеруден өткен-өтпегенін көруге болады.

Сонымен қатар пациенттер өз пікірлерін де қалдыра алады.

«Егер адам дәрінің бағасы дәріханада негізсіз қымбат қойылғанын көрсе, қорапты суретке түсіріп, қосымша арқылы жібере алады. Дәрілердің бағасы ҚР ДСМ интернет ресурстарында көрсетілген. Егер кәсіпкер дәрі бағасын тым қымбаттатып жіберген болса, аймақтық департаменттерге арыз түсіруге болады. Мұндай құқықбұзушылық үшін әкімшілік жаза қарастырылған», - деді қалалық Тауарлар мен қызметтер сапасын бақылау департаментінің баспасөз қызметінен.

inform.kz

0 Пікір Кіру