Алматыда денсаулық айлығында 10 мың тұрғын қаралды - на health.bugin.kz
Bugin.kz - на health.bugin.kz Bugin.kz

29 қазан мен 1 желтоқсан аралығында өткен айлықта медицина қызметкерлері қаланың шалғай аудандары тұрғындарын қарады

Алматы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, дәрігерлер қаралған тұрғындардың жартысына түрлі диагноз қойған.

Тұрғындарда көп кездесетін аурулардың көшін артериал гипертензиясы бастап тұр. Екінші орынды гиперхолестеринемия, басқаша айтқанда, қандағы холестерин мөлшерінің жоғарылауы алады. Үшінші орында неврология аурулары тұр. Қалғандары – тыныс жолдарының аурулары, созылмалы жүрек жеткіліксіздігі, жүректің ишемиялық аурулары, жамбас, асқазан-ішек жолдарының қабынуы, катаракта және басқалар. Қаралған адамдардың 746-сы диспенсер есебіне алынды, – деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, денсаулық айлығы шалғай және шекаралас аудандардың тұрғындары денсаулығына қатысты консультация алып, жақын жерде қаралу үшін ұйымдастырылған, қоғамды денсаулығына назар аударуға шақыруға бағытталған. Тұрғындарды терапевт, кардиолог, ЛОР-дәрігер, хирург және тағы басқа жоғары мамандандырылған медицина қызметкерлері қабылдады.

0 Пікір Кіру