Психосоматика психологиясы - на health.bugin.kz
Айкөркем Абатқызы - на health.bugin.kz Айкөркем Абатқызы

Болашақ журналист көзімен

Психологияда «психосоматика» ұғымын психологиялық факторлардың адам бойындағы ішкі ауруларға әсер етуі деп түсіндіреді. Психосоматикалық ауытқулар – себебі адамның психологиялық проблемалары болып табылатын күйі. Мұндай ауытқулардың күннен-күнге саны артып келе жатыр. Шынымен де, кейбір жағдайларда сырқаттан тез жазылу үшін өз-өзін аурып жатырмын деп ойлай берудің қажеті жоқ, ал кейбір жағдайларда уақытты көп созбай ем-домын қабылдап бастауы керек.

Психосоматикалық ауытқулар – адам организмінің стресті қабылдау реакциясының әсерінен асқынатын аурудың бастапқы белгілері. Ол әр түрлі болуы мүмкін: мойын ауруы, бас немесе асқазан, бас айналу, құсу, әлсіздік.

Нейропсихолог Николай Французовтың айтуынша психосоматикалық проблемалар адамның күнделікті өмірдегі дұрыс емес адаптациясының ісерінен жиі туындайды. Бұл дегеніміз адам өмірінде болып жатқан өзгерістерді көп жағдайда жүйке жүйесі қабылдауға дайын емес болуы.

Психосоматикалық аурулар, паталогиялар психогендік факторлар (стресс, психологиялық жарақат, ішкі конфликт) арқылы дамиды. Ішкі дене мүшелерінің жұмысының бұзылуы эмоционалды проблемаларға жауап ретінде жүреді. Стресстік факторлар жүрек аурулары, ойық жара (язва), ревматоидты артрит, бронхиалды астма секілді т.б. ауруларға тікелей әсер етеді.

Стресс әсерінен ауру қалай пайда боолады?

Стресс – сыртқы қауіпке қарсы организм мен ішкі сананың қорғанысы. Стресс кезінде организмде «төтенше жағдай» орнап гормондар (адреналин, норадреналин, дофамин) бөліну процесі жылдамдайды. Тыныс алу, жүректің соғуы жиілеп, асқазан мен бүйрек тез жұмыс істейді. Осы жерден бастап психосоматикалық ауытқу пайда болады.

Психотерапевт израильдік «Кабинет доктора Исаева» центрінің жүргізушісінің айтуынша жануарлар да табиғат аясында өмір сүріп үнемі стрессте жүреді. Алайда, денсаулықтарымен еш проблемалары жоқ. Мұны түсіндерудің бір ғана жолы бар, адамдар негативті эмоциаларды бойында ұстайды, санасына негативті ойларды жинайды, агрессияға бейім келеді. Стресстің адам бойына әсер етуі адамның тікелей мінез-құлқына, темпераментіне байланысты. Стресске қарсы тұра білетін адамдар бар, бірден беріле салатын адамдар да бар. Сол себепті стресс әркімге әрқалай, әр түрлі деңгейде әсер етеді.

Психотерапевт, медицина ғылымының кандидаты, Интегративті психотерапия институтының директоры Ольга Лукина өз практикасынан бір мысал келтіреді: науқас үнемі жүрегінің ауыратынын айтқан, тексеру нәтижесінде жүрегінен, жүрек қан тамырларынан ешқандай ақау, дерт байқалмаған. Емделуші - еңбекқор, жұмысына жауапкершілікпен қарайтын халықаралық ірі компанияның топ-менеджері. Оның жаңа басшысы болып таныс емес агрессивті лидер тағайындалып, мүмкін емес дүниені ең қысқа уақытта талап еткен. Емделуші өзін қинап, максималды түрде жұмыс атқарған, алайда қателіктер көп жіберіп, сөгістен көз ашпаған. Нәтижесінде организмінде «төтенше жағдай» орнап, тынығуға мұқтаж болған. Сол себепті жүрегі, кеудесі үнемі ауырған. Дәрігердің айтуынша, пациент өз-өзіне инфаркт немесе инсульт туғызып алуына сәл-ақ қалған.

Қазіргі уақытта психосоматикалық аурулардың басты себебі – түпкі санадағы конфликт. Оны мойындау мүмкін емес. Адам кішкентайынан өз мақсаттары үшін емес, өзгенің(ата-анасының) қалауы үшін өмір сүруі мүмкін. Соның салдарынан ішінде көрсетпеген эмоциялар, айтылмаған сөздер жиналып, ішкі күйзеліске душар қылады. Ол гормоналды өзгерістерге, артериалды қан қысымына әсер етеді.

Психотерапевт Дмитрий Исевтің айтуынша, көптеген зерттеулер нәтижесі көптеген аурулардың, әсіресе, онкологиялық оба ауруларының бірден бір себебі – стресс.

ХХ ғ. ІІ жартысында өмір сүрген патофизиолог Ганс Селье стресс табиғатын зерттеген. Зерттеу барысында стрессті екі түрге бөліп қарастырған. Олар: оң стресс (эустресс) және теріс стресс (дистресс). Стресске шалдыққан адам организмі оған екі түрлі жауап береді. Бірінші, организм адаптация жасап, өзгерістерге үйренісіп кетсе, екіншісі, ішкі ресурстарды жұмсап, стресске беріліп ауруға әкеп соғады.

Қорытындылай келе, адамның басына қандай жағдай туса да түпкі санамен жұмыс істеп, кез-келген одан да бетер жағдайларға дайын болғаны дұрыс. Жолындағы барлық кедергілерді қабылдай білгені, санасындағы қателәктерді мойындай білгені дұрыс. Өз-өзімен көп жұмыс атқаруы керек, ол үшін үнемі дамып, жетіліп, іденісті тоқтатпағаны абзал.

Психосаматиканың ең басты пихологиялық түйіні – стресс емес, стресске адамның реакциясы.


0 Пікір Кіру