Ержан Бабақұмаров медициналық көмек көрсетуге қатысты жиын өткізді - на health.bugin.kz
Bugin.kz - на health.bugin.kz Bugin.kz

Жиында қаладағы алғашқы медициналық көмектің қолжетімдігі мен сапасы және медициналық ұйымдарды міндетті медициналық сақтандыруды енгізуге дайындау мәселелері қаралды

Қала әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Алматыда алғашқы көмек көрсететін 75 ұйым бар, оның 39-ы мемлекеттік, 36-сы жекеменшік ұйым. 

Бүгінде жалпы тәжірибелік дәрігердің бір учаскесіне тіркелгендер саны - 1629 адам. Осыған байланысты жүктемені азайту мақсатында медициналық ұйымдарда жалпы тәжірибелік дәрігерлердің 164 қосымша бөлімі ашылды. Бірақ дәрігерлердің жүктемесі азаймаған медициналық ұйымдар да бар, - деп жазылған хабарламада.

Жиында жалпы тәжірибелік дәрігерлерді ауруларды басқару бағдарламаларына оқыту мәселелері айтылды. Биыл бағдарлама бойынша 2 348 маман оқудан өткен.

Алматының денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Әсел Бисенбаеваның айтуынша, қаладағы медицина ұйымдары міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізуге толық дайын. Мекемелердің бәрі медициналық ақпараттық жүйелерді енгізген.

Қала әкімнің орынбасары Ержан Бабақұмаров алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетуге қатысты мәселелерді шешу медициналық ұйымдардың бас дәрігерлері жұмысының басым бағыты екенін айтты.

0 Пікір Кіру