Тамақ ішпей күн нұрынан қуат алып өмір сүрген адам - на health.bugin.kz
Сержан - на health.bugin.kz Сержан

Шира есімді Үндістандық 21 жыл бойы ештеңе жемей өмір сүріп келеді

Тамақ жеу өмір сүрудің ең басты шарты екендігі барлығымызға белгілі. Бірақ осынау өмір сүрудің ұлы формуласына қарсы келіп тіршілігін сақтап келе жатқан адам да бар екен арамызда.

Үндістандық Шира есімді азамат 21 жылдан бері тамақ жемей-ақ өмір сүріп келеді. Оның сырын Шира күн нұры мен судан қуат ала алатын қабілетімнің болғандығында деп түсіндіреді.

Шираның мамандығы меxаник, әдеттегі адамдарша өмір сүрген, үйленіп балалы болған. 1992 жылдан бастап күннен қуат алуды үйрене бастаған. Ол басында біразға дейін көндіге алмағандығын, бірте бірте күннен энергия алу тәсілін меңгергендігін айтқан. Дегенмен дәрігерлер бұл әдістің өмірге өте қауіпті екендігін айтады. Медицина ғылымы оның әрекетін мойындай отыра ұзақ уақыт күнге тігіліп қараудың соқыр болу қаупінде жоққа шығармайды, ал Шира болса күннен қуат алу денсаулыққа пайдалылығы өз алдына, ақша кетпейтін шексіз энергия көзі екендігін де мақтана айтты.

Қазір Шира күн шығудан бұрын және кейін 30 минуттан, күн батудан бұрын және кейін 30 минуттан күн нұрын "жейді".

Кей адамдар бұл әрекетті үндінің ежелгі иога жаттығуының бір түрі деген пікір де айтады. Адам күннен қалай энергия алады? Бұған ғалымдар нақты жауап айта алмайды. 

Зерттеуді қажет ететін тақырып екендігі сөзсіз.  

0 Пікір Кіру