Қытайда құпия вирустың тарағаны анықталды - на health.bugin.kz
Orash - на health.bugin.kz Orash

Қауіпті өкпе қабынуының өршуі

Қытай билігі басты қалалардың бірі саналатын Ухан қаласында ондаған адам жұқтырған жұмбақ вирустық пневмонияға қатысты тергеуді бастады, деп хабарлады "BBC News".

Жұма күнгі шенеуніктердің хабарлауынша, осы уақытқа дейін 44 іс расталып, олардың 11-інің жағдайы «ауыр» делінген.

Вирустың «SARS»-қа немесе ауыр және жедел түрдегі респираторлық синдромға байланысты болуы мүмкін деген қауіптен кейін, Сингапур мен Гонконг аталмыш қаладан келушілерге тексеру рәсімдерін енгізуге мәжбүр болды.

Аса қауіпті, тұмауға ұқсас Сарс вирусы 2002-2003 жылдары Қытайда пайда болып, бүкіл әлемде 700-ден астам адамның өліміне әкелген болатын.

Ухан денсаулық комиссия мүшесі жұма күні індеттің себебін тексеріп жатқанын мәлімдеді. Ол өзінің веб-сайтындағы мәлімдемеде инфекцияның бірқатар көздерін, соның ішінде тұмау, құс тұмауы және жалпы респираторлық ауруларды да жоққа шығарды, бірақ «SARS» туралы айтпады.

Сондай-ақ, адамнан адамға жұғу оқиғасы болған жоқ, делінген хабарламада. Алайда жұқтырғандардың бірқатары қаладағы теңіз өнімдері базарында жұмыс істейтіндер болғандықтан, басшылар бұл аймақты тазартуға жетекшілік етті.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілі бұл індет туралы білетінін және Қытай үкіметімен байланыста екенін айтты.

- Вирустық пневмонияның көптеген ықтимал себептері бар, олар өткір респираторлық синдром короновирусқа қарағанда жиі кездеседі, ДДҰ бұл оқиғаны мұқият қадағалап отырады және оларқатысыты ақпараттарды бізбен бөлісетін болады, – деп өзін толықтырды Дүние жүзілік Денсаулық сақтау Ұйымының өкілі.

0 Пікір Кіру