Қытайдағы аурудың алғашқы белгілері анықталды - на health.bugin.kz
Bugin.kz - на health.bugin.kz Bugin.kz

Эпидемиологиялық ошағы - базар

Қытайдың Ухань қаласында тіркелген аты белгісіз аурудың, коронавирустың алғашқы белгілері қандай болатыны белгілі болды, деп хабарлайды Ухань қалалық денсаулық сақтау жөніндегі комитеті.

Желтоқсан айының соңында Қытайдың Ухань қаласында белгісіз ауру тарауда деген ақпарат шарлап кеткен еді. Мамандар сондай белгісіз аурудың тарағанын мойындай келе, оның жаңа коронавирус екенін атап өтті.

11 қаңтардағы жағдайға қарағанда бұл вируспен 41 адам шалдығып ауруханаға түскен. Оның біреуі көз жұмды. Тағы жүздеген адам бақылауға алынды. Шалдыққандардың көбі – ер адамдар.

- Ауру басталғанда адамның қызуы көтеріліп, жөтел пайда болады. Ауру басында жеңіл басталғанымен, кейін тез асқынып кетуі мүмкін. Әсіресе, егде жастағы науқастардың жағдайы қиындау, - деп хабарлайды комитет.

Комитеттің хабарлауынша, аурудың ошағы теңіз өнімдерін сататын базар болып шыққан.

- Аурудың эпидемиологиялық ошағын іздеу кезінде вирус жұқтырғандардың көбі теңіз өнімдерін сататын базарға барғаны белгілі болып отыр. Ал жартысына жуығы ондай жерге бармаған да. Соған қарағанда оларға вирус жұқтырғандардан барып ауру жұққан көрінеді, - делінген комитет хабарламасында.

Базар маңы тексерілгенімен, вирустың белгілері табылмаған.

РИА Новости

0 Пікір Кіру