1 сағат ішіндегі рекорд: Ақтөбенің дәрігерлері Гиннестің рекордтар кітабына енді - на health.bugin.kz
Қаракөз Амантай - на health.bugin.kz Қаракөз Амантай

Неден рекорд орнатты?

Ақтөбелік дәрігерлер Гиннесстің рекордтар кітабына енді. Олар бір уақытта 4270 тұрғынның қан қысымын өлшеген. 

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, дәрігерлер бір сағат ішінде өңір тұрғындарының артериялық қан қысымын тексерген. 

"Біз ресми түрде Гиннесс рекордын орнатқанымыз туралы растайтын құжат алдық. Мұндай көлемдегі шара бірінші рет өткізілді, ол денсаулық сабағында өтіп, 4 мыңнан аса адамды жинады. Осылайша біз артериялық гипертония мәселесіне назар аударуын қаладық. Сол күні облыстық денсаулық сақтау басқармасы рекорд орнатқаны туралы өтініш берді", - деді Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев.

Осыған дейін артериялық қан қысымын өлшеу шарасы 2015 жылы Үндістанда өткізіліп, 3600 адамды жинаған.  
Айта кетейік, 2018 жылы 5 шілдеде Ақтөбе дәрігерлері бір сағатта 4270 адамның артериялық қан қысымын тексерген болатын. 
0 Пікір Кіру