Жапония Қытайдан келген вирусты растады - на health.bugin.kz
Күлтегін АСПАНҰЛЫ - на health.bugin.kz Күлтегін АСПАНҰЛЫ

Коронавирус әлегі

Бүгін Жапония денсаулық сақтау министрлігі Қытайдан келген ер адамның анализінен коронавирус табылғанын растады. Токионың Kyodo ақпарат агенттігінің хабарлауынша, коронавирус Жапонияда алғаш рет тіркеліп отыр.

Министрліктің мәліметінше, 30 жастағы ер адам – Жапонияның оңтүстігіндегі Канагава префектурасының тұрғыны. Мамандар пациенттің жаңа вирусты пневмония өршіп тұрған Қытайдың орталығындағы Ухань қаласына барған сапарында жұқтырған деп жорамалдайды. Министрлік ер адамның өткен жұмада ауруханаға жатып, сәрсенбі күні денсаулығы жақсарған соң шығарылғанын хабарлады. Бұған дейін зертханалық зерттеу нәтижелері көрсеткендей, Қытайдың Ухань қаласындағы беймәлім вирусты пневмонияның өршуіне жаңа үлгідегі коронавирус себеп болғаны хабарланған болатын.

Бұл жөнінде науқасқа жүргізілген тестілеу нәтижелерін бағалау тобын басқарған қытайлық сарапшы Сюй Цзяньго айтып берді. Таяуда анықталған коронавирус SARS (қатты асқынған респираторлық синдром) және MERS (таяушығыстық респираторлық синдром) атты аурулар туғызатын белгілі коронавирус түрлерінен ерекше, деп сендірді Қытай инженерия академиясының академигі Сюй.

Сарапшының пкіріне қарағанда, жаңа вирус әрі қарай індете зерттеуді қажет етеді. Қытайда барлығы 59 адам вирустық пневмонияға шалдыққан, оның ішінде жетеуінің жағдайы әзірге ауыр халде. 11 қаңтарда Қытайда жаман аурудан бір кісі қайтыс болған. Сондай-ақ жапондық азаматтан бөлек Оңтүстік Кореяда тағы бір адамның жұқтырғаны мәлім болды.

0 Пікір Кіру