Қытай ДДСҰ сарапшыларын коронавирусқа байланысты Уханьға шақырады - на health.bugin.kz
Plumeria - на health.bugin.kz Plumeria

Коронавирустың жаңа түрінен 9 адам қайтыс болып, жұқтырудың 440 оқиғасы расталды

Қытай билігі коронавирустың жаңа түрінен туындаған пневмония ошағы - Ухань қаласына Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сарапшыларын, Гонконг пен Макао арнайы әкімшілік аймақтарының, сондай-ақ Тайваньнан мамандарды шақырды, деп хабарлады ҚХР Гигиена және денсаулық сақтау жөніндегі мемлекеттік комитет басшысының орынбасары Ли Бинь баспасөз конференциясында.


- Біз халықаралық ынтымақтастық пен байланыстарды сақтап, ақпараттың үнемі шығарылуын қамтамасыз етуге ниеттіміз (аурудың таралуы туралы мәліметтерді), - деді Ли Бинь.

Ол Гигиена және денсаулық сақтау жөніндегі мемлекеттік комитет Ухань билігіне күн сайын халыққа аурудың таралуы және оның алдын-алу мен бақылау шаралары туралы ақпарат беруді қамтамасыз етуге ниетті екендігін атап өтті.

Қытай билігі желтоқсан айының соңында Ухань қаласында шыққан беймәлім пневмонияның өршуі туралы хабарлаған еді, алдын ала анықталғандай, бұл аурудың қоздырғышы жаңа коронавирус – 2019-nCoV түрі болды. Соңғы мәліметтер бойынша, Қытайда коронавирустың жаңа түрінен қайтыс болғандардың саны 9-ға жетті, ал инфекцияны жұқтырудың 440 жағдайы расталды.

Вирус Қытайдан тыс жерлерге де таралуда, ол Оңтүстік Кореяда, Жапонияда, АҚШ-та, Тайландта, Сингапурде, Гонконг және Австралияда анықталған. Қытай билігі вирус адамнан адамға берілетіндігін ресми түрде растады.


0 Пікір Кіру