Қытайда жаңа вирус жұқтырғандар саны күрт өсіп кетті - на health.bugin.kz
Plumeria - на health.bugin.kz Plumeria

Қытайда ақпан айында вирустың ең жоғары таралу деңгейі болады деп болжам жасалуда

Қытайда 2019-nCoV коронавирусының жаңа түріне байланысты пневмониямен ауырғандар саны 830 адамға дейін өсіп, ал одан қаза тапқандар саны 25 адамға жетті. Бұл туралы ҚХР билігі мәлімдеді, деп хабарлайды ТАСС.

Жаңа мәліметтерді елдің өңірлеріндегі гигиена және денсаулық сақтау жөніндегі комитеттер жариялады. Бұған дейін 18 адам қайтыс болып, 644 адамның науқас екендігі хабарланған еді.

177 науқастың жағдайы өте ауыр деп бағалануда. Тағы 1072 адам жұқтыру қаупімен тіркелген.

Желтоқсан айының соңында Қытай билігі Ухань қаласында шыққан беймәлім пневмонияның өршуі туралы хабарлаған болатын. Билік вирустың таралу қаупіне байланысты қаланы карантинге жауып, кейін тағы да бірнеше елді мекендерге осындай шаралар енгізді.

Жапонияда, Оңтүстік Кореяда, Таиландта, АҚШ-та, Вьетнамда және Сауд Арабиясында бірнеше жағдай белгілі.

24 қаңтарға қараған түні Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы халықаралық төтенше жағдай режимін жариялаудан бас тартты. Ұйым басшылығының пікірінше, мұндай қадам үшін «қазір әлі оның уақыты емес».

0 Пікір Кіру