Ажалдан аман қалу: қытайлар індеттен сақтану үшін жаппай ішімдік ішуде - на health.bugin.kz
Асхат Қасенғали - на health.bugin.kz Асхат Қасенғали

Алкоголь сатылымы еселеп артқан

Тәжвирусы тарағаннан кейін, халық түрлі амалмен індеттен сақтанудың жолын іздеуде. 

Өйткені әлі вирусқа қарсы вакцина табылмады, ал халық вирусты жұқтырмауы мүмкін деп, ішімдік қолдануда. Атап айтатын болсақ, алкоголь адам ағзасын вирустан қорғайды деген түсінік қытайлар арасында ежелден қалыптасқан.

Sichuan Swellfun Co ішімдік шығару компаниясы 2019 жыл бойынша есеп берді. Компания өткен жылдың ең табысты болғанын, ішімдік сатылымы 43%-ға артқанын мәлімдеді. Жалпы жиынтығы 2019 жылы аталмыш компания 35,75 млн доллар табыс тапқан. Ал 2020 жылдың 23 қаңтарына дейін ішімдік сатылымы тағы 26%-ға артқан. 

- Бұл вируспен тікелей байланысты, халық жаппай спирттік өнімдерді сатып алып жатыр, - деді есеп беру барысында компания өкілі.


0 Пікір Кіру