Вирус Қазақстанға келсе, қорғанудың 5 жолы - на health.bugin.kz
Айжан Мүтә - на health.bugin.kz Айжан Мүтә

Вирустан сақтану жолдарын біле жүріңіз

Қытайдағы тәждівирустың емдеу жолы әлі табылмағанымен, одан сақтанудың амалдары бар. Бұл туралы Ухань қаласының денсаулық сақтау мекемесінің басшысы Ля Уцзин мәлімдеді. 

Вирусты жұқтырып алмау үшін келесі қағидаларды ұстанған дұрыс: 

1. Адам көп жиналатын көше, ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері мен қоғамдық көліктерді қолданбау қажет. Үйге қонақ шақыруды тежей тұрған жөн. 

2. Үйден мейлінше аз шығу, қалаға көп шықпау мақсатында азық-түлік пен керекті заттардан қор жинап алу. Қор кемі жарты айға есептеліп, жиналуы тиіс. 

3. Тамақ ауруы, жөтел, кеуденің қысылуы, температураның көтерілуі, әлсіздік белгілері болған сәтте дәрігерді бірден көмекке шақыру. 

4. Қолды антибактериялық сабынмен жуу. Үйді таза ұстау. Медициналық маска қолдану.

5. Ет тағамдарын қолданудан бас тарта тұру. Әсіресе, жабайы жануардың етін тағамға қолданбау. Бұл әрине қытай халқына тікелей қатысты. 

0 Пікір Кіру