Қытай вирустың инфекция арқылы таралатынын айтып отыр - на health.bugin.kz
Plumeria - на health.bugin.kz Plumeria

Вирустың берілу кезіндегі инфекциялық процесті туғызу дәрежесі әлі зерттелген жоқ

Қытайда пневмонияның өршуіне себеп болған жаңа типтегі коронавирустың адамнан адамға жұғу қабілеті күшейе түсті, деп хабарлады баспасөз мәслихатында ҚХР Денсаулық сақтау істері жөніндегі мемлекеттік комитетінің басшысы Ма Сяовэй. Бұл туралы Синьхуа агенттігі хабарлайды.

- Вирустың берілу кезіндегі инфекциялық процесті туғызу дәрежесі әлі зерттелген жоқ, - деді ол.

Министрдің сөзіне қарағанда, қазір билік пен мамандардың инфекцияның таралуын бақылау мен алдын алуға бағытталған шаралары басты рөлді атқарады.

Сяовэй қазіргі уақытта эпидемиологиялық жағдай таралудың алғашқы сатысында, соның салдарынан билік аз ресурстарды іске қосып, оны бақылай алады деп санайды.


0 Пікір Кіру