Қытайда коронавирус құрбандарының саны 106 адамға жетті - на health.bugin.kz
Plumeria - на health.bugin.kz Plumeria

Ресми түрде 4515 адам науқас

Қытайда тәжівирустың жаңа түрінен туындаған пневмониямен ауыратын науқастардың жалпы саны 4515-ке жетті, олардың 106-сы қайтыс болды, деп мәлімдеді Қытайдың мемлекеттік денсаулық сақтау комитеті. Бұл туралы РИА Новости хабарлайды.

Бұдан бір күн бұрын ресми түрде 2744 адам вирус жұқтырып, 80 адамның қайтыс болғандығы туралы айтылған болатын.

Бір тәулік ішінде тағы 1771 адамның ауру жұқтырғаны белгілі болды. Тағы 26 адам бір күнде қайтыс болды (24 – Хубэй провинциясында, біреуі – Пекинде, біреуі - Хайнань провинциясында).

Барлығы 106 адам қайтыс болды, оның 100-і вирус ошағы болған Хубэй провинциясына тиесілі.

Қытай билігінің мәліметтері бойынша, 976 адам ауыр жағдайда, ал 60 науқас ауруханадан шығарылған.

Сонымен қатар, тағы 6973 адам жаңа коронавирус жұқтырып алуы мүмкін деген болжам жасалып отыр, науқастармен тығыз байланыста болған 44132 адам бақылауға алынған.


0 Пікір Кіру