Қаңтарда Қазақстанға Қытайдан 26 мың адам келген - на health.bugin.kz
Асхат Қасенғали - на health.bugin.kz Асхат Қасенғали

4 адам ауруханада жатыр

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың қатысуымен Үкіметте баспасөз конференциясы ұйымдастырылды. Арнайы конференцияда Қытайдан келген азаматтар мен олардың денсаулығына қатысты сұрақтарға жауап айтылды. 

"Бүгінде ҚХР-дан біздің елге 25 858 адам келді, бұл Қазақстан және шет ел азаматтары. Барлық мәліметтер Денсаулық сақтау министрлігіне және ары қарай Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті арқылы тұрғылықты мекенжай бойынша тексеруден өтіп, азаматтармен байланысы анықталады.  Дене қызуы көтерілген 23 адам келген, оның ішінде 4-еуі ЖРВИ күдігімен ауруханаға жатқызылды. Вирусты жұқпалы аурулардың аса бір айырмашылығының болмауына байланысты, біз ЖРВИ күдігімен жатқызамыз", - деді денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов үкіметтегі баспасөз конференциясында. 



0 Пікір Кіру