Коронавирусқа қарсы екпе: Гонконг ғалымдары вакцина ойлап тапты - на health.bugin.kz
Bugin.kz - на health.bugin.kz Bugin.kz

Қытайдағы коронавирусқа қарсы екпе ойлап табылды

Қытайдың Хубэй провинциясында коронавирустан бір тәулікте 25 адам қаза тапты. Соңғы ресми мәлімет бойынша қауіпті індеттен 131 адам қаза болды.

Оның таралуына тосқауыл қою үшін, көптеген мемлекеттер короновирустан дәрі жасау ісін қолға алған. Бұл ретте Гонконгтан жақсы жаңалықтар келіп жатыр. Ондағы ғалымдар әлем жұртшылығының үрейін ұшырған дертке қарсы вакцина ойлап тауыпты. Бірақ оны қолданбас бұрын алдымен жануарларға егіп, тестілеуден өткізу қажет.  Вакцинаның нақты қашан дайын болатыны әзірге белгісіз. Оны жасауға АҚШ мамандары да белсенді атсалысып жатыр. Олар вирусты бөліп алып, оның штаммын іздестіріп жатыр.

Бүгінгі күні аспан асты елінің 30 провинциясында карантин жарияланды. Әлемнің 15 мемлекетінде 80 адамда коронавирус анықталыпты. Ал кеше 4 515 адам вирус жұқтырып, 106 адамның көз жұмғаны ресми түрде хабарланған болатын.

almaty.tv

0 Пікір Кіру