Коронавирустың жаңа түрі адамға көзбен жұғуы да мүмкін - на health.bugin.kz
Бота Куанышбекова - на health.bugin.kz Бота Куанышбекова

Коронавирус адамға алыстан жұғады

Қытайдың Мемлекеттік денсаулық сақтау комитетінің мамандары әуе тамшыларымен өтетін коронавирустың жаңа түрін екі метрге дейінгі қашықтықтан және көз қабықшасы арқылы да жұқтыруға болатынын ескертті.

Бұл туралы People's Daily газетіне Пекиндегі аурухананың жұқпалы ауруларды диагностикалау және зерттеу орталығының бас сарапшысы Ли Синван мәлімдеді.

- Адамдармен жақын тұрып сөйлесуден сақтану қажет. Маска киіп жүрген жөн. Вирус жанасу арқылы да беріледі. Вирус түскен қолмен көзді сүртуіңіз де мүмкін. Алғашқы кезеңде ауру жоғары температура, әлсіздік және құрғақ жөтел сияқты симптомдармен басталады. Ауыр науқастарда тыныс алу қиындауы, тіпті тыныс алу жетіспеушілігіне дейін байқалуы мүмкін, егер басқа аурулар болса, жағдай ушығуы мүмкін, - деп жазады жазады сарапшының сөзін РИА Новости.

0 Пікір Кіру