Короновирусқа қарсы вакцина жасап шығарылды - на health.bugin.kz
Райхан Сейсебаева  - на health.bugin.kz Райхан Сейсебаева

Ұзақ уақыт қажет

Гонконг ғалымдары коронавирусқа қарсы вакцина жасап шығарды, деп хабарлайды Қытай газетіне  South China Morning Post.

- Біз вакцина құрдық, бірақ дәріні жануарларға тестілеу үшін ұзақ уақыт қажет, - деді Гонконг университетінің профессоры Юэн Квок-Юнг.

Оның айтуынша, жануарларға тестілеу бірнеше ай, ал адамдарға клиникалық сынақ жүргізу - кем дегенде  бір жылға созылуы мүмкін.

Зерттеушілер коронавирустың үстіңгі антигенінің бір бөлігін қосып, кәдімгі тұмауға қарсы вакцинаға қосқан.

Естеріңізге сала кетейік, Қытайдың Ухань қаласында   2019-nCoV деп аталатын короновирустың жаңа түрі болған пневмонияның өршуі желтоқсан айының соңында басталған болатын. 

Қытай аумағында жұқтырғандардың жалпы саны 4 547 адамға жетті, оның ішінде 106 адам қайтыс болды.


0 Пікір Кіру