Қырғызстанда вирус жұқтыруы мүмкін деген күдікпен 14,4 мың тексерілді - на health.bugin.kz
Айжан Мүтә - на health.bugin.kz Айжан Мүтә

Тоғыз адам ауруханада

Қырғызстандағы санитарлық карантиндік пунктерде дәрігерлер 14,4 мың адамды тексерді. 

Олардың ішінде жақында Қытайдан келген 24 қырғыз, 18 қытай азаматы бар. Бұл туралы «Кабар» басылымы ақпарат берді.

Қырғызстанның денсаулық сақтау министрлігі хабарлағандай, барлық адамдарды термосканер арқылы тексерген. Алайда олардың ешқайсысынан жаңа вирустың нышаны табылмаған. 

Министрліктің хабарлауынша, әлі бірде бір вируспен ауыру фактісі тіркелмеген. Дегенмен Шу облыстық ауруханасында тоғыз адам дәрігерлердің қатаң бақылауында ем алуда. Оларға әлі нақты диагноз қойылмаған.


0 Пікір Кіру