Тәжікстан билігі 5 мың адам сиятын мешіттен кинотеатр жасады - на health.bugin.kz
Айжан Мүтә - на health.bugin.kz Айжан Мүтә

Мешіттен кинотеатр жасады

Тәжікстандағы екінші ірі қаланың билік өкілдері елдегі ең ірі мешіттің бірін кинотеатрға айналдырды. 

Соғды облысындағы Худжанд қаласындағы Нури Ислом мешіті Тәжікстанда соңғы 3 жылда "талапқа сай емес" деген желеумен жойылған діни орталықтардың бірі. Соңғы үш жылда Тәжікстан билігі мешіттерден мейрамхана, тоқыма зауытын және балабақшалар жасаған. 5 мың адам сиятын Нури Ислом мешітінен кинотеатр жасауды жөн деп тауыпты. 

Соғды облысының мәдениет департаментінің басшысы Бахтиер Косимов "кинотеатр жетіспегендіктен осындай қадамға бардық" деп жауап берді. 

0 Пікір Кіру