Зиянды диета түрі - на health.bugin.kz
Ainura Daribaeva - на health.bugin.kz Ainura Daribaeva

Тұзсыз диета туралы не білесіз?


Диета кезінде тамақ құрамында тұздың көп болуы денсаулыққа зиян келтіретіні белгілі, алайда оның жетіспеушілігі де зиянды екендігі туралы АҚШ ғалымдары мәлімдеді.

Ғалымдар жиі тұзсыз диеталық кеңестерде тұзды рационнан мүлде алып тастау, қан қысымын жоғарылатуы мүмкін екендігін ескермейтіндігін анықтады. Сондықтан тұздан бас тарту пайдалы екені күмән тудыра бастайды. Сарапшылар 1000 астам адам қатысқан зерттеу барысында осындай қорытындыға келген.



Зерттеуге қатысушылар гипертониямен немесе гипертензиямен бұрын соңды ауырмаған. Тәжірибе нәтижелері бойынша, тұзды қабылдауды азайтқан ерлер мен әйелдердің қан қысымы жоғарылаған. Жоғары қан қысым жүрек-қан тамырлары ауруларының дамуына және денсаулықтың басқа да проблемаларына әкелуі мүмкін. Соған байланысты ғалымдар күніне 5,75 грамм тұз қабылдауға кеңес береді.

Қарсы көрсеткіштер болуы мүмкін. Қолданар алдында немесе денсаулыққа қатысты проблемалар туындаған кезде маманға (дәрігерге) жүгінуді ұмытпаңыз.



0 Пікір Кіру