Уханьда коронавирусқа шалдыққандар жататын аурухана ашылды  - на health.bugin.kz
Plumeria - на health.bugin.kz Plumeria

Ол аурухананы бар-жоғы он күн ішінде салып тастаған


Коронавирустың «отаны» деп саналатын қалада аурухана салынды. Ухань қаласында госпиталь салуға бар-жоғы бірнеше күн кеткен, деп хабарлайды China Xinhua News басылымы.

Медициналық мекемеге «Хошэньшань» атауы берілді, ол 1000 орынға есептелген, ауданы – 25 мың шаршы метр.

Ауруханада 1400 дәрігер жұмыс істейтін болады. 3 ақпанда коронавируспен ауыратын науқастар сол жерге жіберіледі. Сонымен қатар, 6 ақпанда тағы бір аурухана қауіпті пневмониямен ауыратын науқастарға есігін айқара ашады.

Кеше Қытайдың Хубэй провинциясының билігі коронавирусты анықтауға арналған жаңа сынақтардың жасалғандығын жариялады. Олар ауруды екі сағаттан аз уақыт ішінде анықтайды.


0 Пікір Кіру