Әлемге тараған вирус - на health.bugin.kz
Азиза Даулетханова - на health.bugin.kz Азиза Даулетханова

Сақтансаң - сақтайды

Қазір баспасөздер коронавирус жайлы ақпарат көбейіп кетті. Қайсысына сеніп, қайсысына сенбеу керектігін өзің де аңғармай қаласың.  

Қазақстанда тұмау белгілері бар ауруханаға жатқызылғандардың саны 8 адамға дейін артты. Қытай сапарынан кейін оларда дене қызуы мен суықтың басқа да белгілері бар. Бұл адамдар жаңа коронавируспен ауырады ма, ол жағы әлі белгісіз. Емделушілерде қажетті талдау алынды, жақын арада дәрігерлер олардың жағдайын қадағалайтын болады. 

Сонымен қатар, жаңа коронавирусты жұқтыру жағдайлары әлемнің 10-нан астам елінде, оның ішінде Аустралия, Жапония, Оңтүстік Корея, Франция және АҚШ-та тіркелген. Құрбан болғандар саны күн сайын өсуде.

 Бүгінгі таңда елімізде нақты коронавируспен анықталған бірде де бір адам жоқ. Дегенмен тек коронавирус қана емес, кез келген аурудың алдын алу үшін қарапайым тазалық гигиенасын ұстануды кеңес береміз.


0 Пікір Кіру