Қытайдағы індет: көз жұмғандар саны бір күнде рекордтық деңгейге жетті - на health.bugin.kz
Айжан Мүтә - на health.bugin.kz Айжан Мүтә

Көз жұмғандар саны артуда

Бір күннің ішінде тәжвирусынан көз жұмғандар саны 65 адамға жетіп отыр. Сонымен қатар тағы 4 мың адам індетті жұқтырып үлгерген. 

Бұл эпидемия жарияланғаннан кейінгі рекордтық көрсеткіш болып табылады.

- Вирустан осы күнге дейін 490 адам көз жұмды. Індетті жұқтырғандар саны 24324 адамды құрайды. 3219 адам ауыр халде жатыр және 180 мың адамда вирус симптомдары бар, - дейді Қытай дәрігерлері.

0 Пікір Кіру