Смартфонның зияны: Қалай сақтанамыз? - на health.bugin.kz
Dinara Duisen - на health.bugin.kz Dinara Duisen

Сақтықта қорлық жоқ

Қазіргі таңда смартфондар өміріміздің ажырамас бөлігіне айналды. Көптеген мүмкіндіктер, қолайлы жақтарымен қатар зияны да аз емес. Ең бірінші кезекте уақытымыздың көп бөлігін алады. 

Әлеуметтік желілер мен қызықты контенттерге тәуелді болып қалғандаймыз. Әсіресе, денсаулыққа тигізер залалын біле отыра оны ескермейміз. Неліктен?

Байқап қарасаңыз, қазір екінің бірі көзілдірік я линза тағады. Бұл тек тұқымқуалаушылыққа қатысты деп ойлайсыз ба? Әрине, жоқ. Сыртқы ортаның, соның ішінде ұялы телефондардың көзге тигізер зияны дәлелденген. Көз-ең нәзік сезім мүшесі. Зақымданған көру қабілетін дәл бастапқыдай қалыпқа келтіру мүмкін емес. Сондықтан телефондарда көзге жағымды фондар іске қосылған.

Кеңес: Смартфон қолданып отырған кезде оның сәулесі бөлме жарығымен сәйкес келуі керек. Яғни, жарық жақсы түспейтін жерде болсаңыз, экранның да жарығы азырақ болғаны абзал.

Смартфондарды тым жиі қолданатын жандар шынайы өмірде белсенділігі төмен болып келеді. Жүйке жүйесі тұрақсыз, ашушаңдыққа көп бой алдырады. Осыған орай, бүгінгі таңда «номофобия» деп аталатын қорқыныш түрі бар. Яғни, смартфонсыз қалуға қорқатын адамдар. Ал көптеген ата-аналар жас бүлдіршіндердің көңілін телефонмен аулап қояды. Ол баланың өсе келе психологиялық ауытқуы болмасына кім кепіл?

Белсенді, салауатты өмір салтын жоғалтқан адам көптеген ауруларға душар болу қаупі бар. Мұндай қателікті болдырмау үшін смартфондарды мүлдем шектеу керек дей алмаймыз. Себебі көп пайдаға да жаратамыз. Тек қолдану мөлшері мен уақытын аздап шектесек болғаны.

Смартфонды қуат көзіне қосып қойып пайдалануға болмайды. Тоқ күші мен қолдану кезінде келіп жатқан қысымға шыдамай кетуі мүмкін.

Смартфондарды қызғанға дейін қолдануға болмайды.

Радиоактивті толқындардан сақтану үшін ұйықтар кезде жаныңызда тұрмауы керек. Сонымен қатар, ұялы телефонды жүрек тұсындағы төсқалтаға салмаған дұрыс. Осы секілді қарапайым ережелерді сақтау арқылы өміріңізді де сақтап қалуыңыз мүмкін. Сақтықта қорлық жоқ.


0 Пікір Кіру