4 симптом: Бауыр дертін қалай анықтаймыз? - на health.bugin.kz
Ainura Daribaeva - на health.bugin.kz Ainura Daribaeva

Дереу дәрігерге жазылыңыз

Бауырдағы жайсыздықты қалай уақытылы анықтап, шұғыл тексеріс пен емге көшу керектігі жайлы танысып өтулеріңізді сұраймын.

Аяқ пен тобықтың ісуі бауырда токсиндердің көп екендігін білдіреді. Бұл жағдайда оның қорғаныс механизмі іске қосылып, тыртық ұлпасы пайда болып, қысымның салдарынан ісіну туындайды. Шұғыл дәрігерге қаралыңыз.

Семіздік сіздің дұрыс тамақтанбайтындығыңызды, жаттығу жасамайтындығыңызды көрсетеді. Дереу бауыр жағдайына назар аудару керек.

Тәбеттің жоғалуы көбінесе организмде токсиндердің көп мөлшерде жиналуына байланысты болады, сондықтан диарея мен жүрек айну пайда болады.

Тұрақты жағымсыз дем денеде бірдеңе дұрыс еместігін, ауыз қуысында, тістерде және ас қорыту жүйесінің, оның ішінде бауырда проблемалар туындағанын білдіреді.

Қалай болғанда да, шұғыл дәрігерге қаралып, дұрыс диагноз қойдыру керек.

Еске салсақ, 20 пайызға жуық қазақстандықтар семіздікке шалдыққан. Ал бауыр ауруы ең жиі кездесетін аурулардың ондығында.


Деніңіз сау болсын!

0 Пікір Кіру