ДДСҰ сарапшылары коронавирусты зерттеу үшін Қытайға келді - на health.bugin.kz
Plumeria - на health.bugin.kz Plumeria

Келісу үшін екі апта кеткен

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сарапшылар тобы Қытайға жаңа 2019-nCoV коронавирусын зерттеу үшін келіп жетті. Бұл туралы 10 ақпан күні ДДСҰ бас директоры Тедрос Адхан Гебрейесус хабарлады.

- Брюс Эйлвардтың басшылық етуімен ДДСҰ сарапшыларының командасы Халықаралық топ жұмысына негіз қалау үшін Қытайға келді, - деді ол.

Гебрейесус ДДСҰ сарапшылары Қытай билігіне коронавирустың жаңа түрінің пайда болу себептерін тексеруге көмек көрсететіндігін атап өтті.

Оның айтуынша, Қытай билігімен келісу үшін екі аптаға жуық уақыт қажет болған.

ДДСҰ басшысы қазіргі уақытта Қытайда мүлдем болмаған адамдарда коронавирус ауруы тіркелгендігін және бұл «келешекте үлкен өрттің негізі болатын ұшқынға» айналуы мүмкін екендігін атап өтті.


0 Пікір Кіру