Коронавирус кәріз құбырлары арқылы таралып жатыр  - на health.bugin.kz
Бота Куанышбекова - на health.bugin.kz Бота Куанышбекова

2002 жылы Гонконгта ауыр әрі өткір респираторлық синдромның өршуі кезінде ауру кәріз жүйесі арқылы таралған екен


Гонконгта мамандар коронавирустың кәріз құбырлары арқылы таралып жатқанын айтады. Бұл туралы Life.ru хабарлады.

Гонконгтың денсаулық сақтау саласындағы шенеуніктері вирустың ғимараттағы құбырлар арқылы таралу мүмкін деген болжаммен 11 ақпан күні көпқабатты үйдің тұрғындарын ішінара эвакуация жасады.

Мамандар Ухань қаласына бармаған әрі науқастармен ешқандай байланысы болмаған 62 жастағы әйелдің пневанияға шалдыққанын көріп, осындай шешімге келген. Кейіннен ол әжеймен бірге тұрған туыстары да ауруханаға жатқызылған. Оның 75 жастағы көршісінен де ауру белгілері табылды.

Ал олардың кәріздері – ортақ. Мамандардың пікірінше, бұл – аурудың таралуы мүмкін болған жалғыз жол.

Егер олардың болжамы расталса, халық тығыз орналасқан қалаларда жүздеген адамның үйлерінен шықпай-ақ вирусты жұқтыруы мүмкін.


0 Пікір Кіру