Көктемдегі күйзеліс - на health.bugin.kz
Dinara Duisen - на health.bugin.kz Dinara Duisen

Денсаулық - зор байлық

Баршамызға көктем жайма-шуақ жыл мезгілі ретінде белгілі. Алайда қыстың соңында, көктем енді басталар уақытта көптеген адамдардың бойынан шаршағыштық, ашушаңдық, әлсіздік және көңіл күйдің жиі құлазуы байқалады. 

Суық мезгілден соң табиғатпен бірге адам да бірге жаңаруы керек секілді осындай өзгерістер орын алады. Бірақ жоғарыда аталып өткен нәрселерді қалай аз да болса сейілтуге болады?

1. Иммундық жүйе.  Бұл мерзімде адам ағзасы әртүрлі дәрумендерге мұқтаж болады. Қыс уақытысында вирустардан қорғануға барын салып қызметін атқарған иммунитетке қолдау керек. Тәбетіңіз болмай кеткен кезде нәр татпай жүре беру дұрыс емес. Уақытысымен тамақтану керек. Таңғы асты жіберуге болмайды. Ақуыздарға, витаминдерге бай тағамдарды, жеміс-жидектерді, ет, сүт, балық өнімдерін жеткілікті дәрежеде жеуге дәрігерлер кеңес береді. Не болмаса, дәрігермен ақылдаса отыра, тағаммен бірге қабылдауға арналған дәрумендерді алып ішіңіз.

2. Демалыс. Жұмыс пен сабаққа ағзадағы өзгерістер өз әсерін тигізбей қоймайды. Түнде 8-9 сағаттан ұйықтасаңыз да шаршау бойыңызды жеңіп кете беруі мүмкін. Сол себептен жұмыс арасында жиі тынығып тұру керек. Мұндай кезеңде ауыр ой мен күш салмағынан жұмыстың қарқындылығы арта қоймайды. Өзіңізді қажытып жібермеуге тырысыңыз.

3. Серуендеу. Жұмыс арасындағы үзілістен бөлек табиғат аясында уақыт өткізу жақсы әсерін тигізері сөзсіз. Өзіңізге де уақыт бөліңіз.

Күніңіз сәтті өтсін!


0 Пікір Кіру