Алматы облысында коронавирус жұқтырған ер адамға қатысты жаңа дерек шықты - на health.bugin.kz
Bugin.kz - на health.bugin.kz Bugin.kz

67 жастағы ер адамнан қауіпті дерттің белгілері анықталған

Алматы облысында коронавирус жұқтырған ер адамға қатысты жаңа дерек шықты. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ведомство мәліметінше, 67 жастағы ер адам Жамбыл облысы - Ұзынағаш ауылының тұрғыны. 29 наурызда Қарасай аудандық жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілген. Одан коронавирус белгілері байқалған.

Сондай-ақ, ер адамның карантин енгізілгенге дейін Алматыда иық буыны артритін емдеп жүргені белгілі болды. Ер адаммен байланыста болған екі адам анықталды, олар карантинге жатқызылды.

Айта кетейік, бүгінге дейін Алматы облысында 7 адамнан коронавирус анықталды. Ал Қазақстан бойынша коронавирус жұқтырғандардың саны 294 адамға жетті.

0 Пікір Кіру