Елімізде коронавирус жұқтырған 7 адамның жағдайы ауыр - на health.bugin.kz
Bugin.kz - на health.bugin.kz Bugin.kz

Коронавирус ерлерге қарағанда әйелдерде көп анықталған

Коронавирус анықталған 7 емделушінің жағдайы ауыр, 28 пациенттің жағдайы орташа ауыр деп бағаланды. Бұл туралы Ұлттық қоғамдық денсаулық орталығы хабарлады.

Қазір елімізде коронавирус жұқтырған 294 адам тіркелген, орталық 293 пациент туралы дерек ұсына алады.

Орталықтың мәліметтері бойынша, елде 1886 адам карантинде, тағы 6519 адам үй карантинінде жатыр.

Олардың ішінде 215 адамның ауру белгілері жеңіл өтіп жатыр, 28 адамның жағдайы орташа ауыр, 7 адамдікі ауыр.

Дәрігерлер 67 адам вирусты шетелде жұқтырып келгенін, 114 адам байланыс арқылы, 103 адам Қазақстанда екенін айтты.

Коронавирус ерлерге қарағанда әйелдерде көп анықталған.

Инфекция табылғандардың көбі 20-25 жас аралығындағылар - 17 әйел және 8 ер адам. Балалар да бар: бес жасқа дейінгі 3 қыз, 10-15 жастағы екі қыз және бір бала. 60 жастан 65 жасқа дейінгі үш ер адам мен алты науқас әйел қауіп-қатер тобында.

0 Пікір Кіру