Коронавирус күзде қайтадан таралуы мүмкін - на health.bugin.kz
Bugin.kz - на health.bugin.kz Bugin.kz

Министр мәлімдемесі

Елімізде күз айларында коронавирус инфекциясы қайта таралуы мүмкін. Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов осылай мәлімдеді.  

"Қазіргі болжам бойынша, жаз айында, мүмкін күзде де коронавирус індеті жалғасуы мүмкін. Біз білеміз, сеземіз. Осыған байланысты тиісті шаралар қолға алынды. Коронавирус күзде қайталанса, біз дайын болуымыз керек", - деді ол. 

Министр бірнеше мемлекеттегі әріптестерімен тұрақты байланысып, індеттің таралуына қатысты ақпараттарға қанығып отырғанын жеткізді.   

"Біз Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен байланыстамыз. Сондай-ақ, басқа да мемлекеттердің денсаулық сақтау министрліктерімен, ғылыми-зерттеу ұйымдарымен тікелей байланыстамыз. Жалпы айтқанда, түрлі болжам көп. Қазіргі болжам бойынша әрбір мемлекет үш айдың ішінде ауырып шығатын түрі бар. Сосын инфекцияның таралуы төмендеп, осы үш айдың аяғында ең төмен деңгейге жетеді. Бірақ, өкінішке қарай, қазір көріп отырғанымыздай, Қытай, Корея эпидемиядан өтсе де, күн сайын жаңа науқастар тіркеліп жатыр", - деді  Елжан Біртанов.  

0 Пікір Кіру