Ауру - астан - на health.bugin.kz
Дина - на health.bugin.kz Дина

Ауруға шалдықтырар ас

Көбіміз сүйсіне жейтін фаст-фуд өнімдерінің денсаулыққа залал келтіретінінен хабардарсыз ба? Ендеше біле жүріңіз...

Бойымызды жайлаған дерттің басым көпшілігі дұрыс тамақтанбаудан екенін көбіміз біле бермейміз. Білсек те білмегендей көзді жұмамыз. Барлығына атүсті қарап, көзге көрінген дәмді тағамдармен асығыс-үсігіс тамақтанып жүре береміз. Соның ішінде "жүгіріп жүріп қоректену" аталып кеткен фаст-фуд тағамдары әлемдік нарықты жаулағаны айқын. 

Еңбектеген баладан, еңкейген қартқа дейін бұл тағам түрін жаны сүйеді. Қолда бармен дәмді ас жасауға еріншектігіміз оянып, фаст-фуд өнімдеріне тапсырыс беріп жатамыз. Көз сүйсіндірер жарнамаларымен еліктіріп, бір кезде қалай фаст-фуд мейрамханаларында отырғанымызды өзіміз ұқпай қаламыз. Алайда бұл тағам түрлеріне деген қызығушылығымыз ертеңгі күні денсаулығымыздағы кінәрәт себебі болуы әбден мүмкін. Мұндай тағам түрлерінде дәрумендер болмайды, есесіне калориясы жоғары. Сол себепті де, адам бойында әлсіздік, семіздік пайда болады.

Диетолог мамандардың айтуынша, "қауіпті" саналатын тағам түрі тәтті газды сусындар екен. Шөліңді қандырмай, қайта шөлдетіп, ішуге мәжбүрлейтін бұл сусындар құрамында қант шектен тыскөп. Үлкен-кіші құмарлана ішетін бір стакан коланың өзінде 5 шай қасық қант болса, ал бір литр колада 25 шай қасық қант болады екен.

Статистика бойынша, фаст-фуд өнімдерінің басты тұтынушылары болып табылатын АҚШ халқының 60%-ы семіздіктен зардап шегуде. Бұл жағдай барлығымызда орын алуы ғажап емес. Сондықтанда, денсаулықты қазірден ойлап, барынша үй тағамдарымен ауқаттанған абзал.


0 Пікір Кіру