Коронавирустан сақтану шаралары - на health.bugin.kz
Эльмира Узакбаева  - на health.bugin.kz Эльмира Узакбаева

Бұл неткен вирус?

Қазіргі қоғамдағы басты мәселе ол – «коронавирус COVID-19» індеті. Бұл індет аз ғана уақыт ішінде әлемнің түкпір-түкпіріне таралып кетті. Бұл вирусты жұқтырып, тіпті осы індеттің кесірінен өмірден көз жұмып жатқандардың саны күн сайын өсуде...

Бұл неткен вирус?

Ғалымдар оған жаңа коронавирус деген анықтама беріп отыр. Бұл – латынның crowns (тәж) немесе halos (шеңбер) деген сөздерінен пайда болған атау. Өйткені, коронавирус микроскоппен қарағанда, осы екеуінің қосындысын еске түсіреді. Бұл вирустар тобына адамға зиянын тигізетін бірнеше түр кіреді. Олардың бірі тұмауға шалдықтырса, өзгелері жарқанаттар мен түйелерден және жануарлардан кездесіп, бүгінде ғылымда SARS (Ауыр әрі өткір респираторлық синдром) және MERS (Таяу Шығыс респираторлық синдромы) деген акрониммен белгілі болып отыр. 

Ол қайдан келді?

Жұмбақ вирус өткен айда Қытайдың орталығындағы Хубей провинциясының Ухань қаласында пайда болды. Оны алғашқы болып  жұқтырғандардың көбі теңіз өнімдерін сататын базарға барған немесе сонда жұмыс істеген. Бұл сауда орны дереу тергеуге жабылды. Қытайдың медицина мамандары әуелде коронавирустың жануарлардан – адамға берілетінін ғана мәлімдесе, қазір оның адамнан – адамға жұғатынын мойындауға мәжбүр.

Симптомдары қандай?

Бұл вирусқа тән симптомдар – тұмаурату, бас ауруы, жөтел және дененің қалшылдауы. Сонымен қатар, АҚШ-тың Ауруларды бақылау және олардың алдын-алу орталығының мәлімдеуінше, коронавирустың едәуір қауіпті түрін жұқтырғандар демігеді, қалтырайды, ал ауруы асқынған жағдайда пациенттер пневмонияға шалдығуы мүмкін. Оны қалай емдейді? Қазір жұмбақ вирусты анықтау жолында сынақтар жүргізіліп жатыр. Алайда, бұл инфекцияға тосқауыл қоятын вакцина әлі жасалған жоқ. Демек, ол жылына талай адамның өліміне себеп болатын кәдімгі тұмаудан қатерлі болуы мүмкін. Сондықтан, қауіпті дерттің кең тарауына жол бермеу мақсатында коронавирусты жұқтырғандар ауруханалар мен үйлерінде оқшауланады. Ал, оның симптомдары ауруды жеңілдететін және лихорадкаға қарсы дәрілермен емделеді. Сонымен қатар, мұндай науқастарға суды көп ішіп, жазылып кеткенше тынығуға кеңес беріліп отыр.

Коронавирус қаншалықты тарады?

Қытай коронавирусты 600-ге жуық адамның жұқтырғанын және одан 17 адамның қайтыс болғанын растап отыр. Жан тәсілім еткендердің ең үлкені –89-да,  ең жасы 48-де. Құрбандардың барлығы – Уханьнан немесе оның айналасындағы елді мекендерден. Олардың орташа жасы – 73-те. Сонымен қатар, бұл вирус Таиланд, Оңтүстік Корея, Жапония, АҚШ, Тайваньда да табылды.   Дерттің географиясы тіпті кеңейеді деген болжам бар. Себебі, Қытайда және шетелде алдағы күндері жүздеген миллион адам Ай күнтізбесі бойынша Жаңа жылды мерекелеу үшін жолға шығып, сапарлар маусымы басталады.

Коронавирус қалай жұғады?

Коронавирустардың көбі жөтелгенде, түшкіргенде немесе осы инфекцияға шалдыққандарды ұстағанда жұғады. Ғалымдардың сөзінше, жаңа вирус адамнан-адамға жақын байланыста болғанда, тыныс алу жолымен беріледі. Ол SARS-тан қауіпті ме? Әзірге бұл вирус SARS-тан қауіпті емес. Соңғысы да  2002-2003 жылдары дәл осы Қытайдан тарап,  800-дей адамның өмірін қиғаны белгілі. Дегенмен, жұмбақ коронавирус қазіргіден де қауіпті немесе жұқпалы формаға ауысуы мүмкін деген болжам бар. Мұндай жағдайда оның зардабы қандай болары бүгінше белгісіз.

Алдын-алу жолдары:                       

1. Маска тағып жүру;

2. Қолға қолғап киіп жүру;

3. Антисептикті қолдану;

4. Адам көп жерлерге бармау;

5. Ең дұрысы карантинде үйде отырып,отбасыңызбен бірге сақтану жолдарын жасау.

Өз денсаулығыңызды сақтаңыз. Басқа адамдар және өзіңіз үшін үйде қалыңыздар!


0 Пікір Кіру