Министрлік мәлімдемесі: Елімізде пневмонияның жаңа түрі шыққан ба? - на health.bugin.kz
Bugin.kz - на health.bugin.kz Bugin.kz

Министрлік елімізде пневмонияның жаңа түрі шыққаны туралы ақпаратқа түсініктеме берді

Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі қытайлық БАҚ-тың Қазақстанда өлімге әкелетін пневмонияның жаңа түрі таралып жатқаны жайлы ақпаратын жоққа шығарды.

"Кейбір Қытай бұқаралық ақпарат құралдарында Қазақстанда коронавирустан едәуір қауіпті белгісіз пневмония анықталғаны туралы ақпарат тарап жатыр. Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігі бұл ақпарат шындыққа жанаспайтынын ресми түрде мәлімдейді", - деп хабарлады ведомство.

Қазақстан өзге елдер сияқты пневмонияның мұндай түрін қадағалап отырады, бұл дер кезінде басқарушылық шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді, деп мәлімдеді денсаулық сақтау министрлігі.

9 шілдедегі брифингте денсаулық сақтау министрі Алексей Цой еліміздегі пневмониялардың жалпы саны туралы айтты: олардың арасында бактерия, зең, вирус тудыратындар –  соның ішінде АКХТ-10 тізіліміне сәйкес "анықталмаған этиологияның вирустық пневмониясы" бар.

sputniknews.kz

0 Пікір Кіру