Қорғаныс министрінің орынбасары дүниеден өтті - на health.bugin.kz
Bugin.kz - на health.bugin.kz Bugin.kz

Қазақстанда тағы да қаза

Қазақстан қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Бақыт Құрманбаев қайтыс болды.

Ведомствоның ресми сайтының хабарлауынша, 2020 жылдың 14 шілдесінде Қазақстан Республикасы қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Бақыт Жанұзақұлы Құрманбаев дүниеден озды.

Марқұмның артында әйелі мен екі баласы қалды. Генерал-майордың неден қайтыс болғаны әлі белгісіз.

Құрманбаев Арыс қаласында төтенше жағдай салдарын жоюда айтарлықтай үлес қосып, пандемиямен күрестің алғашқы күндерінен бастап инфекцияның таралуына қарсы іс-шараларды ұйымдастыру мен қамтамасыз етуге белсенді атсалысты, деп атап өтті ведомсто.

0 Пікір Кіру