Біз білетін балмұздақтар туралы біз білмейтін деректер  - на health.bugin.kz
Шапағат - на health.bugin.kz Шапағат

Жылдың кез келген мезгілінде барлық жастағы адамдар сүйсініп жейтін балмұздақтардың тарихы қайда жатқанын білесіз бе?

Көне Грекияда балмұздақ тарихының Еуропадан басталатынын айтады. Мәселен, ортағасырдағы  Еуропада балмұздақ болғаны жөнінде нақты дерек жоқ, белгісіз. Еуропаға балмұздақты итальяндық саяхатшы Марко Поло әкелген екен. Ол 1295 жылы Қытайдан жеміс-жидекті мұздатылған шайдың рецебін өзімен бірге ала барған деседі. Дегенмен, дәлел жоқ. Бірақ факті осы уақыттан бастап Еуропа халқы балмұздақ жей бастаған. Италия «нақты» балмұздақтың туған жері деп есептелінуі мүмкін.

1533 жылы француз Королі Кэтрин де Мэдичидің жүрегін жаулап алған ерекше суық десертті ойлап тапқан Ружгери деген флоренциялық аспаз. Флоренцияда Берндро Буонталентини 1565 жылы сүт, кілегей мен жұмыртқадан суық тағам дайындайды. Кейінірек Франция «балмұздақ елі» болды. 1686 жылы сицилиялық Франческо Париждегі алғашқы балмұздақ салонын ашқан. Айтпақшы, балмұздақ сөзі 1690 жылы Грейс Грендл атты ағылшын графинейінің арқасында пайда болған. XVII ғасырдың соңында балмұздақ  Еуропаны жаулап алған.

Балмұздақ шын мәнінде француз инженері Кари Фердинанд мұз жасауға қабілетті машинаны ойлап кезде, тек 1862 жылы  «жанданды». 1904 жылы 30 сәуірде балмұздақ шыныаяқтан вафлиға ауысты. Вафлиге балмұздақ толтырып сататын болды. Эрнест Хамви вафли-құтыларды өндіру үшін  компания құрды. Ал 1921 жылы  шоколад глазурімен қапталған, таяқша балмұздақ жарыққа шыққан деген дерек бар.

Бүгінде балмұздақтар әлемнің кез келген елінде бар десек қателеспейміз. Соның ішінде кейбір елдің тұрғындары балмұздақ арқылы әлемге танымал болып үлгерген. Мысалы, Бейжинде балмұздақтан жасалған әлемдегі ең үлкен торт жасалынған. Оның ұзындығы 3 метр, салмағы 8 тоннаны құраған. Бұл балмұздақ торты балақайлардың "Балмаұздақ тауы" деп аталған қойылымдарының құрметіне дайындалған болатын. 

Ал ең қылмысты балмұздақ 2000 жылы Чилиде тіркелген. Полиция қызметкерлері шоколадты балмұздақтың ішіне кокоин жасырып саудалаған көше саудагерін әшкерелеген. Балмаұздықты өте көп түрлі қылып дайындауға болады. Осыны түсінген Венесуеллада "Карамотта" атты балмұздақ мейрамханасының егелері қиялына ерік беріп балмұздықтың 700ге жуық түрін дайындайды. Ал бұл әлемде ешбір жерде жоқ көрсеткіш. Мұнда пияз, шошқа шыжығы, сәбіз, қызанақ, сыра, майшабақ, спагетти, сарымсақ, тіпті ащы бұрыш қосылған балмұздақ түрлерін таба аласыз. Сонымен қатар, Гинестың рекордтар кітабына әлемдегі ең қымбат балмұздақ ретінде Тайтияньдық "Фрузен хоурд" шоколад балмұздағы енгізілген. Бағасы 25 мың АҚШ доллар тұрады. Ол балмұздақ Нью-Йорктағы "SERENDIPITTI"  мейрамханасында сатылады. Оған Мадагаскарлық ваниль, жеуге жарамды алтын жапарықтары қосылып дайындалынады және әлемдегі ең қымбат шоколадпен жабылады. Балмұздаққа қоса гарнир ретінде Парижден алдыратын экзотикалық жемістер беріледі. Ең бастысы өзіңізбен бірге алып кетуге болатын алтын жалатылып, брилиантпен безендірілген қасық беріледі. 

Біз сүйсініп жейтін балмұздақтар туралы мен тапқан қызықты мәліметтер осы болды. Ал сіз бұл тақырып төңірегінде не білесіз?

0 Пікір Кіру