Британдық ғалымдардың обырға қарсы революциясы - на health.bugin.kz
Салтанат Шынәділ - на health.bugin.kz Салтанат Шынәділ

Талайларға үміт сыйлаған "Трояндық ат"


Британдық институт ғалымдары обырдың 6 түріне қарсы дәрі ойлап тапты.Инновациялық терапия «трояндық ат» принципімен әсер етеді. Өндірушілер токсиндық молекулаларды зиянсыз антиденемен қаптаған. Осылайша ол обырды дөп тауып, оны ішінен құртады. Обырдың соңғы шегіне жеткен, ең көп таралған, сондай-ақ бұған дейін басқа ем түрлері әсер етпеген қаралушыларға тәжірибе жасалды.

Әсіресе, зерттеушілер жатыр мойны ісігі мен несеп жолдарындағы обырға қарсы жақсы нәтижеге қол жеткізген. Жазылмайды деген диагноз қойылған төрт қаралушының жағдайы осыдан соң жақсара бастады. Алты ай мен тоғыз ай аралығында тәжірибе жасалған қаралушыларда ісік өспеген немесе көлемі қысқарған.

Сонымен қатар терапия өкпе, ас қорыту, жатыр мен аналық бездің қатерлі ісігін қайтарды дейді британдық медбикелер. Бірақ, қуық жолы қатерлі ісігіне әсер етпепті.

«Трояндық ат»

Өндірушілер ТV (tisotumab vedotin) деп атаған дәріде химиялық гибрид пен иммунотерапия бар.

Токсинді зат антидененің соңына бекітілген. Ол қатерлі ісік жасушаларының бетінде көп мөлшерде болатын CD142 ақуызымен бірігеді. Нәтижесінде молекула ісік ішіне енеді, токсиннің сыртқы қабығы ажырап, жасушаны ішінен жояды.

Терапияның жүрек айну, әлсіздік, мұрыннан қан ағу сынды кері әсерлері де бар. Алайда, ол өтпелі. Бірінші клиникалық зерттеуде Бельгия, Ұлыбритания, Дания, АҚШ, Швециядан 150-ге жуық науқастар қаралған. Тәжірибе жетекшісі, обырға қарсы зерттеу Институтының басшысы Джоана де Бононың айтуынша, бұл дәрі ішектің, ұйқы безінің, бас обырынан айығуға да әсер етеді.

«Бұл жаңалық терапияның әрекет ету принципін білдіреді. Дәрі-дәрмек обыр жасушаларына еніп, трояндық ат сияқты оларды ішінен өлтіреді», деп түсіндірді ол.

Бес жыл көлемінде мұндай терапия клиникалық зерттеу аясында ғана емес, қатардағы пациенттерге де қол жетімді болмақ.

 


0 Пікір Кіру