Кітап оқудың 7 пайдасы - на health.bugin.kz
Аружан Бақытқызы - на health.bugin.kz Аружан Бақытқызы

Ақылына ақы сұрамайтын алтын қазына

Айтары ішінде, сөзден өрнек құрып, кестеленген дүниені санада сәулелендіру, ешбір қимылсыз-ақ сізге мұң мен шаттық сыйлау - тек кітаптың қолынан келеді.

Адам баласы үшін кітап оқудың пайдасы ұшан-теңіз. Оны шектеу мүмкін емес екені белгілі. Алайда, мен осы мақалада сізге соның ең басты 7-ін атап көрсетпекпін.

Қазақтың оралымды да, ырғақты бай тілін еркін қолдану арқылы кез-келген ортада ойыңызды нақты жеткізі аласыз. Яғни, сөздік қорыңыз ұлғайып, сөйлеу мәдениетіңіз жақсарады.

2. Миыңыз қоршаған ортадан келген ақпаратты тез қортып, жылдам анализ жасауға бейімделеді. Денеңізге физикалық жаттығу қалай әсер етсе, миға да кітап оқу солай әсер етеді.

3. Болып жатқан оқиғаға сырттай баға беру арқылы сараптама жасауға бейімделесіз.

4. Жеке тұлға болу үшін де жеке пікір керек демекші, өзіндік пікір, позиция қалыптастыру барысында да кітаптың рөлі үлкен.

5. Қиялға ерік беру, оқыған сөзді бейнеге айналдыру арқылы сіздің беймәлім шығармашылық қырларыңыз ашылады.

6. Ғалымдар үзбей кітап оқитын адамдардың жүйке жүйесі жақсы дамитынын және оларда қартайған шақта жүйке жүйенің шаршауы, әлсіреуі, үлкен мидың қартаюы болмайтынын айтады.

7. Ең бастысы жан дүниеңіз тазарып, серпіліп, рухан кемелдене түсесіз.

Кітап оқуды қойған адам ойлауды да қояды. Ақыл-ойды дамытып, өзіңізді тұлға ретінде қалыптастыру жолында кітап оқудан шаршамаңыз!


0 Пікір Кіру