Тырнақ паронихиясы немесе қазақтың күбірткесі туралы не білеміз? - на health.bugin.kz
Шапағат - на health.bugin.kz Шапағат

Панариций

Қазақ күбіртке деп тек тырнақ түбінің ісіп, іріңдегенін айтады. Ал ғылымда күбіртке (панариций) деп саусақ тканінің іріңді жарасын айтады. Сондықтан жараны шыққан орнына қарай тері, теріасты, сіңір, сүйек және буын күбірткесі деп айырады. Бәрінен де саусақ буынына түскен күбіртке адамға ауыр тиеді.

Тырнак ұясының түбі ісіп, іріңдеуі күбірткенің жеке түріне жатады. Оны ғылыми тілде паронихия дейді. Білініп келе жатқан жараға кезінде көңіл бөлмей, «осы қайтеді дейсіннің» салдарынан барып ол үлкейеді, Күбірткені уақтылы емдемесе, ол іріңдеп, тамыр қуады. Тырнақтан саусаққа, одан алақан, білек, қарға шауып, асқынады, қолтық безін шошытады. Ақырында саусактар бүгіліп, майысып қалады. Сондықтан күбіртке белгі берді дегенше-ақ науқастың алдын ала емделуі қажет. Паронихияда тырнақ түбінің қабынып іріңдеуі ұзаққа созылады, адам жұмыстан қалады. Бастапқы кезде тырнақтың ірге жиегі қызарып, қабынса, күшейе келе ірің тырнақ астын кеулеп кетеді. Тырнақ кейде түсіп те қалады, Емдеу ісі кешіккен жағдайда ірің жиналады да, саусақ еті шіри бастайды, микроб бақалшақ сүйегін кеміріп жейді(остеомиэлит).

Тырнақ күбірткесін үй жағдайында емдеудің түрлі жолдары бұрыннан бар екенін білеміз. Қазір мен сіздерге тырнақ емдеудің келесі жолдарымен таныстырғым келеді. Мүмкін араларыңызда көпшілігі бұл жолдарды білмейтін шығар: 

1. Кофені қою қылып шығарыңыз да, тұнбасына саусақтарыңзды салыңыз. Шөкпелерді шайқамай салғаныңыз дұрыс. Бұл әдіс аяқтағы грибокты да жақсы емдейді. Өкшедегі қалыңдап мүйізделе бастаған теріні жұмсартады. Күнде кешке қайталап тұрсаңыз, теріңіз жұмсарып ауырғаны басылады.

2. Майонездің 200-граммдық банкасына уксустың эссенциясын құйып оған жұмыртқаны қабығымен салып қойыңыз(стаканның қабырғаларына тимесін). Қараңғы жерде жұмыртқа толығымен еріп кеткенше тұрсын.(еріп болғаннан кейінгі жұқа пленканы алып тастаңыз). Ендігі жерде, даяр болған ерітіндіге бір шай қасық сары май қосып араластырсаңыз қоймалжың май аласыз. Алынған  жақпа майды(мазь) басқа ыдысқа ауыстырып  алсаңыз болды. Ертең ерте және кешке бүлінген тырнақтарыңызға жағып тұрғаныңыз дұрыс… Ол үшін, ауру аяғыңыз немесе қолыңызды жақсылап  бұлауға салып(шым-шым ыстық су) бұлаулаңызда артынша құрғақ сүлгімен кептіре сүртіңіз де жақпа майды жағыңыз. Тырнағыңыз болса 4 қабат дәкеге жағылған майды қойыңыз  тырнақтың үстіне. Майды жағып болған соң сыртынан целофан оның үстінен бинтпен орап тастаңыз. Тырнақ жұмсарып көтерілген кезде дәз кеткен жерлерін қырқып тастаңыз. Грибоктың залалы бар тырнақ пен терінің тез жазылып кетуіне бірден бір ем…

3. Сүттігеннің(молочай) бір түбірін 2-3 литр қайнақ суға салып ыдысын жылы орап екі сағатқа қалтырыңыз. Грибогы бар аяғыңызды(қолыңызды) шым-шым ыстық тұнбада 30-40 минут ұстаңыз.  Екі күн сайын қайталап отырғаныңыз жөн. Көшкен терілерді(қабықшаларды) ақырндап тазалаңыз.

Егер тырнағыңыздың ауырып жүргенін байқағаныңыз болса, онда осы  процедураларды жасап көріңіз. Ал ауруды асқындырып алған болсаңыз, онда міндетті түрде дәрігерге қаралғаныңыз жөн.  

0 Пікір Кіру