Жас ана босанған соң күтіну жолдары - на health.bugin.kz
Марғұлан Ақан - на health.bugin.kz Марғұлан Ақан

Нені ескеру керек?

Туыттан соңғы күтіну мезгілі дегеннің медициналық аталуы жаңадан босанған кез деген сөз. Бұл мезгіл өздігінен босанған (жатыр операциясын жасау жолымен босанған емес) әйелдің босанып болғаннан тартып бүкіл денесінің барлық құрылымының (омыраудан басқа), әсіресе өрбу (көбею) мүшесі құрылымының жүкті болу барысындағы өзгерген күйінен біртіндеп жүкті болудан бұрынғы қалпына келу барысына қаратылады. Осы мезгіл ішінде босанған әйелдің денесі сол әйелдің жүкті болған, босанған кездегі күйінен біртіндеп бұрынғы қалпына түсіп, әуелгі күйіне келеді. Өйткені, жүкті болған кездегі физиологиялық жақтағы өзгерісі мен босанған кездегі дене қуатының сарып болуы себепті, жаңадан босанған мезгілден қайта қалпына келу үшін 6-8 апта уақыт кетеді. келмеген немесе жатырда бала жолдасынан қалдық қалған, қағанақтан қалдық қалған болады. 

Дәстүрлі «туыттан соңғы күтіну мезгілі» мен осы заманғы жаңадан босанған мезгілдегі күтіну жөніндегі көзқарас жағындағы кейбір парықтарды айтпағанда, жаңадан босанған кездегі күтіну мен туыттан соңғы күтіну дегеніміз айтылуы басқаша болғанымен, іс-жүзінде екеуінің мағынасы бір. 

Босанған әйелдің туыттан соңғы мезгілдегі дене өзгерісі 

Көбею мүшесіндегі өзгеріс. 

Жатыр: Босанғаннан кейін жатырдың түбі кіндіктен екі елі төменде болады, кейін келе үлкен бұлшық ет талшықтарының жиырылуы, ісіктің қайту және қанталау құбылыстарының жойылуы себепті жатыр біртіндеп кішірейеді. Жатырдың түбі күніне 1.5 cm төмендейді, босанғаннан кейінгі 4~5 күнде кіндік пен қасаға сүйектің аралығына түседі, 10~14 күнде шат қуысына түседі де іштің сыртынан басқанда қолға білінбейтін болады, 6~8 апта болғанда жүкті болудан бұрынғы қалпына келеді. Жатырдың бұрынғы қалпына келу барысы босанған әйелдің дене қуатын және рухани күйі, неше бала туғандығы, толғатқан уақыт мөлшері мен босанған кездегі жағдайы, баланы емізген-емізбегені, жатырдың қабынғанқабынбағандығы, сондай-ақ жатырда бала жолдастан қалдық қалған-қалмағандығы сияқтыларға байланысты болады. 

Жатыр ішкі пердесі: әйелдер босанғаннан кейін жатыр ішкі пердесі түлейді де босану кірімен бірге қынап арқылы шығарылып тасталады. Жатыр ішкі пердесі ең астыңғы қабаттан бастап жетіледі, жолдас жабысқан орындардағы жарақат біртіндеп жазылып, туыттан соң 6 -8 аптадан кейін толық жазылады. 

Босану кірі. 

Босану кірі дегеніміз әйелдер босанғаннан кейін қынап арқылы шығарылатын қан, шіріп түлеген перде үстіңгі тері қабаты және шарана сияқтылардың жалпылық аталуы. Босанғаннан кейінгі 3-4 күн ішінде шығарылатын қан құрамы едәуір көп болатындықтан қызыл түсті болып, бұл «қан сипатты босану кірі» деп аталады. Кейін келе қан құрамы біртіндеп азайып, шыққан нәрсе қоңырқай болады, бұл «жалқақ» деп аталады. 10 күн айналасында босану кірінің құрамында көп мөлшерде ақ клетка және шарана болғандықтан, ол сарғыш болады да «ақ түсті босану кірі» деп аталады, бұл бірнеше аптаға дейін келеді. Жайшылықта босану кірінен бөтен иіс шықпастан, тек қан иісі ғана шығады. Егер одан күлімсі иіс шықса, жатыр қабынды деп білген жөн. Босанып болған соң екі аптадан кейін, қан келу жалғаса берсе, жатыр толық қалпына температура дереу қалыпты күйге түседі. Бір тәуліктен кейін де температура төмендемесе онда жан-жақты тексерілу, қызуы өрлеудің себебін анықтау керек. 

Тамыр соғуы: Босанғаннан кейін тамыр соғуы көбінде баяу болып, минутына 60-70 рет соғады, бұл бала жолдасының айналымының тоқтауы мен жатып демалуға байланысты болуы мүмкін. Егер тамыр соғуы тездейтін болса, жүректі тексерту керек, сонымен бірге қанның көп кеткендігінен болған-болғамағандығына назар аудару керек. Қан қысымы: Жайшылықта босанған әйелдердің қан қысымы түгел қалыпты болады. Дағдылы қан тексеру. Жүкті әйелдердің қаны сұйықтау болады да босанғаннан кейінгі екі апта ішінде қалпына келеді, туыттан ақ клеткалар молайып, бала туылғаннан кейінгі 24 сағаттың ішінде 1.5 литр мөлшерінде жоғарлайды, егер толғақ уақыты ұзақ болатын болса, 3 литр мөлшерінде өрлейді де, көбінде бұл бір апта уақытта қалпына келеді, егер қалыпты болмаса, бұның себебін анықтау керек. Қанның шөгуі жаңадан босанған кезде жоғарылау болып, 6-12 апта өткеннен соң барып қалыпты болады. 

Үлкен дәрет пен кіші дәрет: 

Жүкті кезде денеге молайған су құрамы босанғаннан кейін сыртқа шығарылады, әсіресе алғашқы бір апта уақыттың бастапқы бірнеше күнінде шығарылатын су құрамы ең көп болады. Туыттан соң кіші дәрет көбейіп, күніне 3000 ml-ге дейін көбейеді, оның үстіне дәретте аз мөлшерде белок болып, босанғаннан кейінгі 1-2 күн ішінде белок жойылатын болады. Босанғаннан кейінгі бірінші аптада кейде кенет қантты несеп (қант диабеті) байқалуы да мүмкін, бұл сүт безі бөліп шығарған сөлдегі бір бөлім сүт қантының несеп арқылы шығарылуына байланысты құбылыс. Босанғаннан кейін дәретке отырғанда ауырсынатын жағдайлар да болады, босанған кезде бүйір мен шат қуысының бұлшық еттері босайды, сонымен бірге ішектің жиырылу қуаты әлсіреп, іш оңай қатады, босанған кезде қуыққа қысым түсетіндіктен қуық қуаты әлсірейді немесе қуық айналасы ісінеді, қанталайды, немесе қынап жарақатының ауыруы рефлекстік түрде несеп жолы жапқыш бұлшық етінің түйілуіне себепші болып, дәретке отырғанда ауырсынатын болады, салмақты болса, қуық тұтылады. Қуық тұтылуы жатырдың қалпына келуіне кесірін тигізеді, сонымен бірге несеп жолы қабынады, сондықтан оны дер кезінде бір жайлы ету керек. 

Жатыр мойны және қынап: Бала жолдасы түскен кезде жатыр мойны мен қынап барынша босайды, бала жолдасы түсіп болған соң жатырдың ауыз жағы тез қалпына түсіп, кішірейеді. Босанғаннан кейін бір аптадай уақытта жатыр қалпына келіп, ішкі ауызы кішірейеді. Босанғаннан кейінгі үш аптадан кейін жатыр мойнының ішкі аузы бір елідей ғана болып кішірейеді. Қынап қуырылып, серпіні бара-бара қалпына келеді, бірақ жүкті болудан бұрынғы қалпына толықтай келе алмайды. Кілегей қабығының қатпары босанғаннан кейінгі үш аптадан кейін шыға бастайды. 

Аналық без: босанғаннан кейінгі алты аптадай уақытта көптеген әйелдердің аналық безі тұқым бөліп шығара алмайды. Босанған әйелдердің тең жарымының ғана аналық безі алты аптадан кейін тұқым бөліп шығара алады, босанған әйелдердің 80% -дан астамының аналық безі он сегіз аптадан кейін тұқым жасап шығара алады. Етеккір көбінде босанғаннан кейінгі алты аптадан кейін қалпына түседі, омырау емізу етеккірдің келуін кешеуілдетеді. 

Омырауда болатын өзгеріс. 

Босануға таяғанда омырауды сығып сарғыш сұйықтықты шығарып тастаған жөн. Арада 1-2 күн өткенде сүт шыға бастайды, онан соң ми қосалқысы алдыңғы бөлегінің сүт шығарғыш гормонының рөл атқаруымен омырау қызарып, ісініп, сыздап ауырады, босанған әйел омырауы сыздап ауырғандай, ішінара орындары қызған сияқты (қолтығының асты немесе қолтығының алдыңғы жағында қосымша омырау безі барлар) сезінеді, бастапқыда сүт аздап шығады да бара-бара көбейеді. Сүттің ағып шығуына байланысты, ішінара ауырған жерлері де басылатын болады. Босанғаннан кейін жарты сағаттан соң баланы емізуге болады, нәресте туысымен шешесінің омырауын сорғаны жөн, екі омырауын кезек соруы, бір ретте бір омырауды кемінде жарты сағат соруы керек. Көп сорғанда, омырау безі сүтті көбірек шығаратын болады, әрі жатырдың тез қалпына келуіне де пайдалы. 

Денеде болатын басқа да өзгерістер: Дене температурасы. Босанғаннан кейін әйелдердің көбінің температурасы қалыпты болады. Егер толғақ уақыты ұзақ болып, шектен тыс қалжырап шаршаған болса, температурасы сәл жоғарылауы мүмкін, бірақ 380 С-тан аспайды, көбі бір тәулік ішінде қалпына келеді, босанғаннан кейін 3-4 күн ішінде омыраудың сыздауы себепті температура сәл жоғарлауы мүмкін, емізгеннен кейін температура дереу қалыпты күйге түседі. Бір тәуліктен кейін де температура төмендемесе онда жан-жақты тексерілу, қызуы өрлеудің себебін анықтау керек. 

Дереккөз: "ЖасАй" журналы 

0 Пікір Кіру