Ауру астан келеді  - на health.bugin.kz
Жұлдыз Мұқанова - на health.bugin.kz Жұлдыз Мұқанова

Сабақтан келген соң ауыр сөмкені тастай салып, дастарханға отырып, он саусағынан бал тамған аяулы анамыздың дайындаған тамағын жеуден асқан бақыт бар ма еді?

Студент атанып, ата-анамыздан жырақтап, анашымның ақ алақанынан дәм татпағалы қанша? Күнделікті сабақ, қоғамдық жұмыстар, әр – түрлі іс-шаралар осының бәрін де жүріп дұрыс тамақтануға да уақыт таппай жатамыз. Уақытылы тамақтанбау салдарынан асқазан ауруына шалдыққандар қаншама? Тек ол ғана емес сырттан тамақтану де тізімде бар. Тапсырыс бергеннен кейін бар-жоғы 10-15 минутта дайын болатын фаст-фуд тағамдарымен уақытты үнемдеп, тойып та алуға болады. Алайда, асқазанның жағдайы қалай болмақ. Жаппай семіздік, жүрек ауруы, асқазан және ішек жолдарының қабынуы, бүйректің отыруы осының бәрі жастық шақтан-ақ сапасыз тағамның арқасында бойымызға жабысып жатыр. Өзіміз сүйіп ішетін кока-коланың да зияны жайлы қанша біліп, көріп жатсақ та пайдалануды қойған жоқпыз. Бүгін таңда Қазақстан да ғана емес, бүкіл әлем елдерінде өзекті болып танылып, кезек күттірмейтін проблемаға айнаған бұл мәселемен шет елдер күрес жүргізуді 10 жыл бұрын бастап кеткен болатын. Нәтиже де жоқ емес..

1920 жылдары ең бірінші фаст-фуд тағамы Америкада пайда болды. 1921 жылы Канзаста White Castle атты компания ашылып, алғашқылардың бірі болып гамбургер дайындаған еді. Бұл компания келушілерді гамбургердің бағасының тұрақтылығымен жаулап алды, бірақ тағамның сапасы мен құндылығы жөнінде компания басшысы Билли Инграма ойламады. 1940 жыдардың соңында White Castle компаниясының мықты бәсекелесі болып McDоnald-s компаниясы бой көтерді. McDоnald-s компаниясы алпауыт компаниялардың бірі болды. Тоқсаныншы жылдары гамбургер кедейлерге арналған зиянды тағам болып есептелінетін. Оны қала көшелерінде үйсіз-күйсіз жүрген адамдарға сататын болған. Кейінірек бұл тағам ресторандарға жол тартты. Қазіргі таңда пицца, суши, гамбурген, чисбургер сияқты тағамдарсыз өмірімізді елестете алмаймыз.

Бұл мәселеден шығу мүмкін емес. Иә, уақыт тауып отбасыңмен бірге қыдырып, сырттан бір уақыт тамақ жеген өте дұрыс. Алайда жиі тұтынатын және жемесе тұра алмайтын жандар үшін аз-аздан қолдану дұрыс шешім. Күнделікті емес, алдымен аптасына бір рет, сосын айына бір рет жеуді ұсынамын. Студенттер мүмкіндігінше қолдан тамақ жасап жеп, денсаулықты сақтап, ақшаны үнемдегеніміз дұрыс.

«Ауру-астан» деген, атам қазақ. Өзіміз үшін, болашақ ұрпақтарымыз үшін денсаулығымызды күтіп, спортпен шұғылданғанымыз дұрыс.

0 Пікір Кіру