Табиғат бостандығы - на health.bugin.kz
Aidana Zhexenbayeva - на health.bugin.kz Aidana Zhexenbayeva

Денсаулыққа пайдалы кеңес

Әр адамның күнделікті күйбең тірліктен жалығып кететіні рас. Ондай жағдайда жан тыныштығын қалайтын дүние іздей бастаймыз. Адам озiн бақытты сезінуі үшін де алға қойған жоспары болғаны дұрыс. Кұрылған жоспар бойынша, әрдайым жүріп отыруы қажет. Жоспарды кейінге қалдыруға болмайды. Ол тек қана кішкене кітапшаның ішінде сақталып қалмауы тиіс. Өміріңіздегі қуанышты сәттерді шағын ғана ақ параққа жазып , банканы толтыра беріңіз. Бірнеше айдан кейін оны ашкан соң, бақытты сәттерді қайталауға мүмкіндік туады. Өзіңізді бақытты сезіну үшін не істеу керек? Мәселен, таза ауаға шығып, қала сыртындағы алаңға барып, табиғатты тамашалау. Адам үшін денсаулықтан артық байлық жоқ.

Денсаулыктың 90%  адамдардын бір біріне деген жаксы қарым- катынасына тікелей байланысты. Адам жалғыз емес, жанына жақын адамдармен саяхатқа шыққаны дұрыс. Мәселен, тау шыңы. Тау шыңын суреттен тамашалауларыңызға болады, дегенмен көзбен көргендей болмайтынын айта кеткім келеді. Жолдың қаншалықты ауыр немесе алыс екеніне қарамастан, табиғаттың сұлулығында сөз жоқ, оны тек көру керек. 

Қазіргі заманның жастары қарттықты өздеріне ерте шақырып жүрген жок па? 

Әрине, бәрі емес. Көп жағдайда жастар теледидар, телефонның визуалды әсер алумен ғана тең екенін ескермейді. Саяxаттау үшін де қаржылық жағдай тоқтатуы да ғажап емес. Ақиқатына келсек, жаңа дүниені тануға деген кұлшынысыңыздың артпағаны жалқаулыққа әкеліп соғады. Саяхаттау бұл әлемге жаңа көзқараспен қарау, кереметтей әсер алумен қатар, мүлдем өзгеше тәжірибе ала аласыз. Көп жағдайда үлкендерге балаларын саяxатқа шығару оңай бола бермейді. Егер табиғат аясында серуендеу болса, балаңыз ұнататын сүйікті тағамдар, ал ұзақ саяxатқа шығар болсаңыз қажетті ойыншықтар, кітаптар алып шыққан тиімді. Горький саябағы ең танымал орын. Бұл жер балалар үшін өте қызықты. Мұнда аттракциондар, секіру, өрмелеу және жермен жорғалау секілді жаттығулар бар. Адамдарға табиғатта серуендеудің тиімді жолдары көп. Мәселен, кез келген тұлға жаяу жүрумен қатар жердегі қоқыстарды қоқыс жәшігіне тастайды. Бұл қоқыс тазалаушы қызметкерлерге көмек және табиғат тазалығына, денсаулыққа да септігін тигізері анық. Және қандай пайда әкелетініне ешкім мән беріп тоқталмаған сыңайлы. Сонымен жүрек, қан тамырлары жұмысының қалыпқа түсуіне өте пайдалы. Сол арқылы қан бүкіл ағзаға тарап, қан айналысы жақсарады. Өкпеге пайдасы мол, тыныс алу жолдары кеңейеді. Таза ауадан кейін тамаққа міндетті түрде тәбетіңіз артады. Жаяу жүру арқылы артық салмақ қоспайсыз. Адам терісінің жақсаруына әсері мол. Өйткені, таза ауада адам терісі оттегімен толығып, токсиндерден тазарады. Ең маңыздысы адамды стресстен арылтады. Адам үнемі проблемамен ұштасып жүреді. Сондықанда адам жүйкесін тыныштандырғаны да дұрыс. Қыс мезгілінде, медеу мұз айдыны алдымен еске туседі. Себебі, бұл жаңа таныстық әлемі. Осы бір мұз айдынында махаббат , достық өзінше бір үйлесімін табады. Демалыс күндері адамдар конькимен мұз айдынында шапшаң жүгіру, мәнерлеп сырғанау үшін көптеп келеді. Тіпті, коньки тебуді білмейтін адамдар 1-2 кун ішінде аяқтарын оңай жаттықтырып үйренеді. Ескере кетсек , денсаулыққа мол пайдасы бар. Бұл жаттығу жүректі болашақ аурулардан сақтайды. Дененің иілгіштігі жоғарылайды, жалпы көрінісі өзгереді. Үнемі көңілді болып жүру мүмкін емес. Себебі, күнделікті өмірде қуаныш та, қайғы, да, шаттану да, торығу да бар. Көңілді жүру үшін тек өмірдің рахатын сезінесің.Түрлі жерде саяхаттауға болады. Саяxаттау – aдамның денсаулығын күшейтуге, адамның пайдалы әрі қызықты істерге құштарлығын оятады. Өз өзіңізді жақсы көріп, көңілді күйде жүріңіз.

0 Пікір Кіру