Балдың ауруыңызға ем болғанын қаласаңыз... - на health.bugin.kz
Қаракөз Амантай - на health.bugin.kz Қаракөз Амантай

Пайдалы кеңес

Балдың ауруыңызға ем болғанын қаласаңыз, ыстық суға және ыстық шайға қосып ішпеңіз. Себебі жоғары температурадағы су  балдан керісінше зиянды заттарды бөледі. Ал балды қалай дұрыс пайдалануға болады? Назарларыңызға балды пайдаланудың 13 ережесін ұсынамыз.

1 ереже

Таңертең аш қарынға, екі шай қасық балдықайнаған суға салыпішіңіз. Бұл сусын күні бойы сергек жүруіңізге пайдасын тигізеді. Сонымен қатар ол ағзада зат аламасу процесін жақсартады.  

2 ереже

Бірақ балды аш қарынға құры өзін ғана қабылдауға болмайды. Өнімдегі инсулиннің шамадан тыс бөлінуі ағзадағы қант тудырады.

3 ереже

Ұйықтар алдында жылы шайға немесе сүтке бал салып ішу пайдалы. Бұл күні бойы шаршағаныңызды басып, оңай және тез ұйықтауға көмектеседі.  

4 ереже

Балды ыстық суға салуға болмайды, яғни температурасы 40-45 градустан аспауы керек. Судың температурасы 60 градусқа дейін барған жағдайда, балдың пайдалы қасиеті жоғалып, керісінше улы және зиянды затты бөле бастайды.

5 ереже

Бал жеген соң тісіңізді міндетті түрде тазалаңыз. Себебі балдағы тәтті өнім эмальға зияннын тигізеді

6 ереже

Бал жеген адамның миының жұмыс істеуі жақсарып, есте сақтау қабілеті артады. Сонымен бірге қан айналымы дұрыс болуы үшін қуат береді.

7 ереже

Жүрек жұмысын нығайтады және қан-тамыр ауруынан сақтайды.

8 ереже

Асқазан, ішек жолы ауруымен ауырытан адам балды тұрақты пайдаланса, ас қорыту қызметі реттеледі.

9 ереже

Қан қысымы көтерілген жағдайда зығырдан 50 грамм, балдан 60 гр-ды 220 гр. қайнаған суға қосып күніне екі рет ішсе, қан қысымын төмендетеді.

10 ереже

Құлақ ауруына да әсері мол. Сиыр, омырау, ешкі сүтіне немесе жұмыртқаның ағына балды араластырып жылытып, құлаққа тамызса, емдік қасиетін көресіз.

11 ереже

Үккіштен өткізілген сәбізге бал қосып, банкіге салып біраз уақыт қойса, сіңіп, тосап сияқты өте тәтті тағам болады. Бауыр, өт жолы ауыратын адамдарға пайдасы зор.

12 ереже

Аузы уылған адам бал жесе тез айығады. 

13 ереже

Бал күйген жерге де пайдалы. Күйікке балды күніне екі рет жағып отыру керек.


0 Пікір Кіру